Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстандағы контрафактілік өнім айналымының залалы қандай? | Цифровая маркировка товаров в Казахстане

Қазақстандағы контрафактілік өнім айналымының залалы қандай?

Контрафактілі өнім ел экономикасына залал келтіреді, адал өндірушілердің табысын азайтады, өндіріс көлемінің қысқаруына алып келіп, Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуын тежейді.

2018-2021 жылдар аралығында Қазақстанға әкелінген контрафактілік өнімнің жалпы құны 30 млрд теңгені құрады. Оның көлемі жылына кем дегенде 10%-ға артты.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 5 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған контрабанда Қазақстанға әкелінді.

2022 жылдың мамыр айында Алматыда 2 млрд теңгеге жуық контрафактілік автобөлшектердің сатушылары ұсталды. Құқық қорғау органдары Toyota, Lexus, Honda сауда белгілері бар 100 мыңнан астам автоқұрамдауышты тәркіледі.

Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 2020 жылы 2,3 млн қорапты құрады.

2021 жылдың алғашқы төрт айында медициналық препараттардың контрафактісінен келген шығын 6 млн теңгеден асты.

2021 жылдың күзінде Алматы облысының дәріханасында сатып алынған сертификатталмаған антибиотиктің салдарынан бес жасар бала зардап шекті. Партияда шамамен 2 мың ампула болды.

2021 жылы Қазақстанда тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізудің 14 фактісі анықталды. 2020 жылы – 135, ал 2019 жылы - 53.

2022 жылдың 14 маусымында Шымкент қаласының соты алкоголь өнімін өндіру мақсатында құрылған жасырын цехтың ұйымдастырушысына үкім шығарды. Мың литрден астам спирт, алкоголь дайындауға арналған аппарат, жалған есепке алу-бақылау таңбалары және 20 мыңнан астам бос шөлмектер тәркіленді.