Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Пост на русском внизу Весна Жыл өткен сайын көктем менің | Маргулан Сейсембай

Пост на русском внизу
Весна

Жыл өткен сайын көктем менің ең сүйікті мезгіліме айналып барады. Бұрын күзді ерекше ұнатушы едім. Жас келгендікі болар мүмкін?

Балқашқа келіп, өзіме бір апталық демалыс жариялап алдым. Демалысты қалай өткізу керек? Өзгелер үшін қалай екенін білмедім, бірақ мен үшін ең кереметі - табиғат аясындағы демалыс, қарапайым тамақ, қарапайым істер. Мысалы, барлық жігіттер жақсы көретін іс - "буксовайт". Бұл дегеніміз су немесе батпақты табасың да, өзіңе проблема туындатасың, содан соң, оны батыр-сымақ боп шешесің. Бұл жолы да мен басқа бірдеңе ойластырып басымды қатырмадым. Су, батпақ, көлік және өтееее көп адреналин мен тестостерон.

Ал содан кейінгісі өзіміздің қазақтың қарапайым сүт қатқан шайы, табиғат аясында керемет кетеді. Күн сәулесі көзге шағылысып, табиғат оянып, айнала тыныштыққа оранған! Өмірдің рахаты!

Кешке қарай аздап тоңып, шаршап, бірақ бақытты боп үйге ораласың. Одан соң монша. Артынша мұз ойығына суға түсу.

Бақыт қарапайым нәрселерден құралады.
_

С годами, постепенно, весна для меня становится самым любимым сезоном года. Раньше я сильно любил осень. Может, это возраст?

Приехал на Балхаш, устроил себе недельный отпуск. А что делать в отпуске? Для кого как, а для меня лучший отпуск - это отпуск на природе, простая еда, простые занятия.
Например, любимый всеми мальчишками "буксовайт". Это когда находишь воду или грязь, устраиваешь себе проблему и потом ее героически решаешь. Вот и в этот раз, я не стал изобретать ничего нового. Вода, грязь, машинка и много-много адреналина и тестостерона.

Ну, а потом, шәй, простой казахский, с молоком, да, на природе. Солнышко светит в лицо, просыпается природа, полная тишина! Вот это кайф!

А под вечер домой, немного промерзший, уставший, но радостный. А потом банька, много баньки. И прорубь.

Счастье не любит сложностей.