Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​Пост на русском внизу Про социальную сеть Clubhouse. | Маргулан Сейсембай

​​Пост на русском внизу
Про социальную сеть Clubhouse.

Менен тіпті TikTok-та аккаунтым бола тұра, Clubhouse-та болмауымның себебін әлі де сұрап жүргендер көп. Желіге қосылуға көптеген шақырулар жібереді. Қысқа ғана жауап берейін. Мен Clubhouse-қа тіркелдім, екі “бөлмеге” кіріп, 10 минуттай әңгімелерін тыңдадым да, шығып кеттім.

Түйгенім: желінің еш пайдасы жоқ деуге болады, ал уақытты кәдімгідей жұтады. Оған қоса, әңгімелерді жазып алу функциясы жоқ, ендеше мұның радиодағы talk сессиялардан қай жері артық. Мен тіпті аудио подкасттарды да тыңдамаймын, себебі аудиомен жұмыс жасау өте қиын. Өзің үшін ескертпелер жасау, маркермен белгілеу сияқты әрекеттерді орындау мүлдем мүмкін емес. Аудио подкасттармен жұмыс жасау қиын болса да, аз да болса пайдасын алу үшін жолда, ұшақта тыңдаймын.

Байқауымша, жұрттың Clubhouse-қа деген ықыласы алғашқы кездегідей емес. Бәрі үйреншікті әлеуметтік желілерге қайта оралуда. Clubhouse мүлдем жойылып кетеді демеймін. Жай ғана хайп басылады да, желінің өз аудиториясы, яғни аудиалдар қалады. Clubhouse қандай да бір іс-шаралардың, “пресс конференциялардың” анонсын жасау үшін тамаша құрал екенін түйдім. Онда ақпаратты неғұрлым аз уақыт ішінде көп адамға жеткізіп, бәрін түсіндіріп, сұрақтарға жауап беру керек.

Әлде мен толық түсінбей отырмын ба? Менікі қате болса, түзетулеріңізді сұраймын. Clubhouse-ты өмірімізді жақсарта түсу үшін тағы қалай қолдануға болады? Өз пікірлеріңізді бөлісуіңізді сұраймын.
———
Меня многие продолжают спрашивать, почему меня нет в Clubhouse, хотя у меня есть аккаунты даже в TikToke. Присылают кучу приглашений.

Кратко отвечу. Я зарегистрировался в Clubhouse, зашёл в две "комнаты", послушал разговоры минут 10 и вышел. Для меня стало понятно, что пользы почти 0, а времени убивает массу. К тому же, нет функции записи разговоров, а это по сути, ничем тогда не лучше talk сессий на радио. Я даже аудио подкасты не слушаю по причине того, что с аудио почти невозможно работать. Нельзя делать заметки, отмечать маркером и так далее. Хотя, в дороге и в самолёте, я конечно же, слушаю аудио подкасты, но это потому что пытаюсь выжать из "необходимого зла" хоть крупицу пользы.

Сейчас смотрю, сходит первая пенка с Clubhouse. Люди возвращаются в привычные соцсети. Я не говорю, что Clubhouse вымрет совсем. Нет, просто хайп сойдёт и там останется только своя аудитория - аудиалы, так сказать. Для себя я определил Clubhouse как хороший инструмент анонсов каких-либо мероприятий и для проведения типа "пресс-конференций". Там, где надо быстро довести большому количеству людей информацию и тут же дать разъяснения, а также ответить на вопросы.

Может я чего-то недопонимаю? Поправьте меня, пожалуйста, если я не прав. И поделитесь своим мнением, пожалуйста, как ещё можно использовать Clubhouse как инструмент улучшения своей жизни.