Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Пост на русском внизу С чего начинается кайдзен планирован | Маргулан Сейсембай

Пост на русском внизу

С чего начинается кайдзен планирование. Основные шаги

Достар, бұл пост Кайдзен жоспарлауды меңгеруге ықылас білдіріп, бірақ оған қай қырынан келу керегін білмей жүрген жазылмандарыма арналады.
Егер тиімді жоспарлауды қалай бастау керектігін білмесеңіз, онда Кайдзеннен алынған мына қарапайым кеңестер сізге пайдалы болмақ.

Кайдзен жоспарлауды қалай бастаймыз. Негізгі қадамдар.

1) Санадағыны қағазға түсіру
Кайдзен жоспарлау сананы босатудан басталады. Сананы босату дегеніміз - санадағы барлық міндеттер, жобалар, тіпті, қорқыныштар, өзіңізді мазалайтын дүниелер, уайым, арман-тілектердің бәрін қағазға түсіру үдерісі.
Басыңыз артық нәрседен ада болуы тиіс, сол кезде сіз жақсы ұйықтайсыз және ісіңіз де өнімдірек болады.

2) Анализ
Осы күнге дейін немен айналысып келгеніңізді міндетті түрде саралайсыз. Бұл анализде сізге көмек болатын сұрақ: “Мен осы уақытқа дейін өз қалағанымды жасадым ба, әлде жасауым тиіс болғанды жасадым ба?”
Сіздің “қалауыңыз” - біреудің “тиістісі”, ал сіздің “тиістімін” дегеніңіз - біреудің “қалауы” екенін әрдайым жадыңызда ұстаңыз.

3) Фильтрлеу
Кайдзен жоспарлауда күнделікті істеріңіздің қатарына сіз үшін қажетсіз, әрі маңызсыз, пайдасыз істердің кіріп кетпеуі үшін фильтрлер қойылады.

4) Белгілер
Белгілерді қолдану арқылы өз уақытыңыз бен ресурсыңызды қайда жұмсап жүргеніңізді нақты көре аласыз.

5) Міндеттерді реттеу
Міндеттер легін уақытқа сәйкестендіре білу маңызды. Бұл Кайдзен жоспарлаудың өзекті бөлігі.

Көрсетілген осы 5 негізгі пункт арқылы өз энергияңызды игеріп, әрдайым күш-қуатты болып жүре аласыз.

Друзья, этот пост посвящается моим подписчикам, которые интересуются Кайдзен планированием, но не знают с чего начать.

Если у вас нет представления, с чего начать эффективное планирование, то эти простые советы из Кайдзена будут вам полезны.

1) Выгрузка
Кайдзен планирование начинается с выгрузки. Выгрузка - процесс, когда вы все свои задачи, проекты, даже страхи, беспокойство, переживания, мечты и желания из головы выкладываете на бумагу.
Голова все время должна быть пустой, тогда вы будете хорошо спать и станете продуктивнее.

2) Анализ
Вы обязательно должны проанализировать, чем вы занимались до этого дня.
Вопрос, который поможет вам для анализа: “Я делал то, что я хотел или я делал то, что должен?”
Всегда помните, ваше хочу это чей-то должен, а ваше должен это чей-то хочу".

3) Фильтрация
В Кайдзен планировании устанавливают фильтры для того, чтобы в ваш распорядок дня не попадали мусорные ненужные неважные для вас задачи.

4) Метки
Благодаря меткам вы четко будете знать, на что вы расходуете время и свои ресурсы.

5) Выстраивание задач
Важно уметь выстраивать поток задач во времени. Это является краеугольным камнем Кайдзен планирования.

Благодаря этим 5 основным пунктам вы сможете управлять энергией и быть всегда заряженным.