Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Түсінбей жатсаңыз, айтайын) Соңғы кездері қатты ашуланшақ, әрі | KYRAGRAM

Түсінбей жатсаңыз, айтайын)
Соңғы кездері қатты ашуланшақ, әрі негативный болып кетіппін. Адамдардың тек минустарын байқағым келіп тұрады, ұрысқым келіп тұрады. Напряг, нерв, уақытым жетпей жүреді.
Бір күні, бір кісінің сен не көрсең, не оқысаң содан тұрасың деген сөзін естіп қалдым. Қазір жалпы көп БАҚ құралдары мен пабликтар рейтинг пен статистика қуып, тек негативті ақпарат тарататынын байқадым. Мысалға, адам бір жерден сүрінсе тек сол жайлы айтады. Бірақ, ол адамның жасаған жақсылығы жайлы ешкім ештеңе айтпайды. Тіпті айтылса да, ондай ақпарат таралмайды. Қоғам Тек минустар іздеп кеткендей.

Журналистерді кінәламаймын. “что жрут’ то и подавай” формуласымен ұрып жатыр ғой) Олардың жұмысы.

Ал адам өзі сондай құрылым ғой. Кішкентай кезде боқтық сөз болса, тез үйреніп алатын едік. Жаман жаңалық, негатив пен өсек тез таралады әйтеуір.

Ал БАҚ бір қуаныш не мотивациялық не пайдалы ақпарат берсек, онымен ешкім бөліспейді, рейтинг жиналмайды. Жақсы жаңалық ешкімге керек еместей.

Сондықтан, мен ақпарттық кеңістігімді тазартып көрейінші дедім. Ол менің ішкі состояниеме қатты әсер ететіндей көрінді.

Оларды мына принцип бойынша жасадым.
1. Кез келген жаңалық арнасынан бастарттым.
2. Негативті ақпарат салатын блогерлер мен адамдарды көрмеймін.
3. Кез келген өсек, алып қашпа әңгімесі бар парақшалардан бас тарттым.
4. Менің өміріме жақсы жағынан әсер етпейтін, информацияның бәрін өшіріп тастадым.
5. 4-5 өзіме ұнайтын пайдалы білім беретін адамдарға тіркелдім. білімге жақын паблик, парақшалар көремін.

Бүгін үшінші күн.
Ішімдегі, біз құрып бара жатырмыз деген тревога жоғала бастады.