Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Малайзия патшасы: король Абдулламен кездесу. Сапар ойлары. | KYRAGRAM

Малайзия патшасы: король Абдулламен кездесу.

Сапар ойлары.
Корольдің резидентциясынан, Куала Лумпурға қарай жолда келе жатырмын.
Осымен дұрыс ұйықтамағалы 48 сағаттан асты. Қатты шаршадым. Бірақ, Білесіздер ма? Мен ылғи әлемге шығу жайлы армандап, мақсат қоятынмын. Соған бірінші әрі ең үлкен қадамы жасалынды бүгін. Өзімнің миыма сыймай жатыр. Малайзияның Патшасына мобилограф Карл! Династия жағдайы 40 млрд тан асатын адаммен жоба жасау деген енді фантастика. Аллаға шүкір. Күнде дұға еткен анама шүкір. Мен үшін, тақымын қысатын жандар барына шүкір.
Бұл кездесу 3 рет болмай қала жаздаған еді. Білмеймін, өзіме әлі өтірік көрініп тұр. Бірақ, түсім емес сияқты.

Қазақтың жастары үшін осы күндері көп қызмет етуге тырыстым. Ендігі жаспар, бұйыртса әлемге шығу. Биылдыққа жоспарда “Мобилография 7” жазу. Жастарға жаңаша білімімді беріп, ары қарай басқа нарыққа шығу.
Мобилография, әлемде еш жерде дамымаған. Біреу қадірімізді түсінсе, біреулер әлі оның пайдасын түсіне алмай жүр. Максимум 1-2 жылда әлемде мобилография мамандығын дамытамыз.
Мен әлемді өзгерту үшін туылғанымды сеземін. Оған сенемін және өзгертемін. Себебі Құдай ылғи өміреме фантастика сыйлайды. Идеялар береді, күш береді, есіктерді ашады. Мені адамдар қолдай алады, сынай алады, жақсы көре алады не жек көре алады. Бірақ, мені ешкәм тоқтата алмайды))) Жарық күндеріміз әрі алда. Бұл тек бастамасы.