Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Бүгін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевті | Kenes Rakishev

Бүгін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің туған күні, 43 жасқа толды.

Ол отандық боксты 2019 жылдан бастап басқарды. Әрдайым біздің спортшыларымызды жеңістері үшін марапаттап, қолдау көрседі. Кеңес Хамитұлының ҚБФ-да жұмыс істеген үш жылы ішінде біздің ұлттық құрамалар келесі нәтижелерді көрсетті - Белградтағы ӘЧ-да Қазақстан ерлер құрамасының ең үздік көшпелі нәтижесі - 2021 (2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль), Стамбул- 2022 ӘЧ-да әйелдер арасында - 5 медаль, сондай-ақ, Келц-2021 жастар әлем чемпионатында спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті. Әйелдер арасындағы АЧ-2021-де тарихи бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барлық бокс қауымдастығы Кеңес Рақышевті туған күнімен құттықтайды және оған денсаулық, отбасылық амандық, тағы да көптеген өмірлік, спорттық жеңістер тілейді!