Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

13 ақпанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Шелл Қазақс | KazTechMunaiService

13 ақпанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Шелл Қазақстан» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ҚР мұнай-газ өнеркәсібін дамыту саласында өзара тиімді негізде ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Тараптар геологиялық барлау мен игеру саласында, соның ішінде ҚР аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Сонымен қатар өндіруші өнеркәсібінде келісімшарт құқығы мен сатып алу, экологиялық стандарттар мәселелерінде жаңа тенденцияларды талдайтын болады.

«Компаниялар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы стратегиялық серіктестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Біз Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің түрлі салаларында ортақ жобаларды іске асыру кезінде «Шелл» концернінің мол тәжірибесін пайдаланамыз деп үміттенеміз», — деді ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Толығырақ: bit.ly/3K2zYK4