Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау обл | KazTechMunaiService

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының барлық мектебіне (900-ден астам мектеп) қазақ тіліндегі National Geographic журналына тегін жазылым сыйлады. Бонус ретінде ҚМГ мектептерге журналдың 2022 жылғы мұрағатын сатып алып берді.

7 ақпанда ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жазылу сертификатын Қызылорданың №264 мектебінің 9-сынып оқушысы Санжар Сұлтанбекке табыстады.

«Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зияткер ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына толық сай келеді. Бұл жолдағы маңызды қадам ғылыми-көпшілік журналдарды оқу мәдениетін қайта жандандыру екеніне сенімдіміз. Оқушыларға пайдалы ілім мен жарқын жаңалықтар тілеймін», — деді іс-шарада сөз сөйлеген ҚМГ басшысы.

Таңдаудың National Geographic журналына түскені кездейсоқ емес. Басылым географияны ғана емес, тарих, биология, басқа тақырыптарын да қамтып, оқырманның экология мәселелеріне көңіл бөлуіне әсер етеді. Соңғы аталған фактор ҚМГ-нің экология саясатына сай келеді.