Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«ҚазМұнайГаз» Басқарма Төрағасы ел бойынша отын тапшылығына жо | KazTechMunaiService

«ҚазМұнайГаз» Басқарма Төрағасы ел бойынша отын тапшылығына жол бермеу мақсатында ашық түсті мұнай өнімдерін көбірек өндіру үшін барлық үш мұнай өңдеу зауытының жүктемесін оңтайландыруды тапсырды.

«Ел басшылығының АМӨЗ-ге қатысты бірнеше рет айтқан ескертулерін, сондай-ақ зауыт жұмысындағы жиі үзілістерді ескере отырып, барынша қатаң шаралар қабылдайтын боламыз. Елде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып тұрғанда мұндай жағдайға жол беруге болмайды», — деп түйіндеді М.Мырзағалиев.

1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатқан болатын.

ҚМГ басшысының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденовтің жетекшілігімен Жедел штаб құрылды, оның негізгі міндеті — орын алған ақауды, сондай-ақ АМӨЗ жұмысында жүйелі сипат алған мәселелерді жедел әрі сапалы шешу.

Сондай-ақ зауыт бас директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.