Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) мен Univation Technologies компания | KazTechMunaiService

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) мен Univation Technologies компаниясы (АҚШ) жылына қуаты 625 мың тонна полиэтилен өндіру үшін екінші полимерлеу қондырғысы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды.

Американдық компанияның арнайы UNIPOL PE Process технологиясы полиэтиленнің кең ауқымын шығаруға және жоғары бәсекеге сай өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу кезінде сұранысты өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келісім аясында Univation компаниясы ПЭ бірқатар полимерлеу катализаторлары жүйелерін және тығыздығы жоғары бимодальды полиэтилен (HDPE) өндірісі үшін PRODIGY технологиясын беретін болады. 

Бұған дейін ҚМГ басқа лицензиармен жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіру үшін бірінші қондырғы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды. Осылайша, екі технологиялық полимерлеу қондырғысы түрлі лицензиардың технологиясын пайдаланады. Осының арқасында болашақ зауыт ортақ қуаты жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіретін болады.