Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ҚМГ Басшысы: «Біз Қазақстанда ауқымды «Полиэтилен» жобасының ж | KazTechMunaiService

ҚМГ Басшысы: «Біз Қазақстанда ауқымды «Полиэтилен» жобасының жүзеге асырылуына жол ашып отырмыз»

11 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Chevron Phillips Chemical компаниясының (CPChem) технологиялар және жаңа әзірлемелер жөніндегі вице-президенті Венки Чандрашекармен кездесті.

Тараптар «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы — екінші фаза (полиэтилен)» жобасын жүзеге асыру үшін Лицензиялық келісім мен Жобалау туралы шартына қол қойды.

«Құжаттарға қол қою арқылы біз ауқымды «Полиэтилен» жобасының жүзеге асырылуына жол ашып отырмыз», — деді М.Мырзағалиев.

Шарт бойынша CPChem жылына 625 мың тонна тығыздығы жоғары премиум сұрыпты полиэтилен өндіру үшін тиісті лицензия береді.

Екінші полимерлеу қондырғысы бойынша басқа лицензиармен желтоқсан айының ортасына дейін келісімге келу күтілуде.

Екі қондырғы ортақ қуаты 1 млн 250 мың тонна негізгі және премиум түрлі полиэтилен шығаратын бірыңғай кешен болып біріктіріледі.