Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

2022 жылғы 2-3 қарашада «Бутадиен және оның туындыларын өндіру | KazTechMunaiService

2022 жылғы 2-3 қарашада «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасын жүзеге асыру аясында болашақ зауыттың құрылыс алаңында алғашқы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы қараша айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ құрылыс мерзімі 2025 жылы аяқталатын бутадиен каучуктерін өндіретін «Бутадиен» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды. Өнімнің бес түрінің өндірісі жоспарланған: бутадиен, стирол-бутадиен-стирол (жол төсемінде қолданылатын каучук), дивинил-стиролды синтетикалық каучук (шина өнеркәсібінде қолданылатын каучук), изобутан-изобутилен фракциясы, метил-трет-бутил эфирі (бензин қоспасы).

Сондай-ақ, 2022 жылы 5 қарашада «Бутадиен» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС арасында бутанды сатып алу-сату шартына қол қойылды. Құжатқа сәйкес зауытқа шикізатты «Теңізшевройл» ЖШС жеткізеді. Жеткізілетін өнімнің жыл сайынғы көлемі – 380 мың тонна бутан.

Жобаны жүзеге асыру құрылыс кезеңінде 2000-нан астам, ал пайдалану кезеңінде 700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.