Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан | telecomkz

«Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 4 – өнеркәсіптік революцияның еншілес орталығы ұйымдастырған «Байланыс тұрақты даму жолы» форумына қатысты. Халықаралық сарапшылар, министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ байланыс операторларының өкілдері азаматтарды телекоммуникациялық қызметтермен және сервистермен қамтамасыз етудегі негізгі проблемаларды, сондай-ақ қалалар мен ауылдардың тұрғындарына интернет тарту процесін жеделдету және оның сапасын жақсарту үшін инновациялық шешімдерді қолдану жөніндегі идеяларды талқылады.

Айта кетейік, «Қазақтелеком» 2018-2020 жылдары мемлекетпен серіктестікте ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асырды. Оның аясында республика бойынша 828 ауылдық елді мекенді және 2,5 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелерді қамти отырып, 14,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды. Ұялы операторлар, соның ішінде «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін – Kcell және Tele2 құрған желілік инфрақұрылым негізінде ауыл тұрғындарына мобильді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету бойынша тағы бір ауқымды «250+» жобасы іске қосылды. Нұрлан Мейірмановтың айтуынша, барлық қазақстандықтарды тұрғылықты жеріне қарамастан интернетпен қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасты, ендігі міндет мемлекет тарапынан реттеуші тетіктерді оңтайландыру болып табылады.