Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеев Павлодарға жұмыс сапа | telecomkz

«Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеев Павлодарға жұмыс сапары аясында компанияға тиесілі Орталық Азиядағы ең ірі деректерді өңдеу орталығында болды. Қазіргі уақытта дата-орталық «Қазақтелекомның» кэштелген серверлеріне интернет-трафикті оқшаулау жобасын жүзеге асыруда, бұл қадам танымал әлемдік ресурстар мен қызметтерге, солардың ішінде: YouTube, Google, Netflix, Akamai, Facebook, Instagram және т.б. қызметтеріне жоғары сапалы қол жеткізу жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, трафикті оқшаулаудың басты артықшылығы компанияның кэштелген серверлерінде бұрын сақталған деректерді пайдалану арқылы қолданбалар мен қызметтердің өнімділігін арттыру. Мұндай шешімдер пайдаланушыларға деректер пакеттерін тезірек алуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл деректер орталығының инфрақұрылымының жұмысын тұрақтандырады, бұл тұтынушыларға оң әсер ететіні сөзсіз. Осыны ескерген «Қазақтелеком» өзінің басқа да дата орталықтарында – Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Атырауда интернет-трафикті оқшаулау жобасын жүзеге асыруда.