Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

#ҚазақтелекомТұлғалары айдарының бүгінгі қонағы — онлайн-кеңес | telecomkz

#ҚазақтелекомТұлғалары айдарының бүгінгі қонағы — онлайн-кеңес берудің хас маманы! Клиенттермен жұмыс істеудің білгірі Есенбике Төлегенова күн сайын Шымкент тұрғындарының 25-ге дейін онлайн-өтінімін қабылдайды.

Есенбике ондаған жылдар бойы «Қазақтелекомда» үнемі абоненттермен жеке жұмыс істеп келді. Бірақ былтыр заман өзгерді: қашықтан жұмыс істеу WhatsApp-арнаның клиентке кеңес берудің оңтайлы жолы екенін көрсетті. Дегенмен кейде әріптесіміз жанды әңгімені сағынғанын жасырмайды.

«Ыңғайлы болуы үшін клиенттерге аудиомен, кейде видеомен қоңырау соғамыз. Кейде жастар кәрі ата-анасына көмектесіп, дерегін, пин-кодтарын жіберіп отырады. Әр өтінімнің орындалғанын қадағалаймын. Байланысы түзелгеннен кейін қайта қоңырау соғып, телефоны немесе интернеті қалай жұмыс істеп тұрғанын сұраймын. Адамдар ырза болып, алғыс айтып жатса, бұдан артық қуаныш бар ма», — дейді Есенбике.
Клиенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, өтінімдер пандемия басталған кездегідей көп болмаса да, екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

«Абоненттердің көбі менің нөмірімді таныстарына, көрші-қолаң, туған-туыстарына береді. Үнемі соның бәріне көмектесуге әрекет жасаймын», — дейді Есенбике.

«Қазақтелекомдағы» қызмет Есенбике Төлегенова үшін — қуанышқа бөлеп, өзін де дамытатын жұмыс. Өйткені клиенттермен қарым-қатынастың жаңа цифрлық форматтары да жыл сайын дамып, абонентпен байланыс сапасын жақсартуға септігін тигізіп келеді.



Наш новый герой рубрики #ЛицаКазахтелекома настоящий профессионал в онлайн-консультировании! Ежедневно специалист по работе с клиентами Есенбике Тулегенова принимает около 25 онлайн-обращений от жителей Шымкента.

За десятки лет работы в «Казахтелеком» Есенбике всегда общалась с абонентами лично, но время не стоит на месте: дистанционная работа показала — WhatsApp-канал более удобный формат консультаций. Хотя, наша героиня и признается, что живого общения иногда не хватает.

«Для удобства, мы общаемся с клиентами по аудио- или видеозвонку. Нередко на помощь пожилым родителям приходят дети и внуки, помогают отправлять данные, пин-коды. Каждую заявку я контролирую вплоть до исполнения. После установки услуг, обязательно звоню и спрашиваю, как работает телефон или интернет и есть ли какие-то вопросы. Приятно, когда люди довольны и пишут благодарности», — рассказывает Есенбике.

Сотрудники Центра обслуживания клиентов теперь работают в две смены. Правда, сейчас уже нет такого наплыва клиентов, как во время начала пандемии.

«Часто абоненты дают мой номер своим знакомым, соседям, родственникам. Всем стараюсь помочь и решить их вопросы», — говорит Есенбике.

Работа в «Казахтелеком» для Есенбике Тулегеновой — это дело, которое приносит радость и саморазвитие. Ведь новые цифровые форматы общения с клиентами позволяют идти в ногу со временем и становиться еще ближе к абонентам.