Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Кейіпкерлердің сөзі негізінде жазылды. Осы жазғанымыздың нег | Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Кейіпкерлердің сөзі негізінде жазылды.

Осы жазғанымыздың негізінде кейіпкерлердің сөзі жатыр.

Бір сөз. Екі мағына. Екеуі де қолданылады.
Білем, лингвист ғалымдар "бір сөздің бірнеше мағынасы болады" деп қоймайды. Бірақ, әрекет бағыты кардинально екі бөлек болатын екі мағынаны бір формалы сөзге үстеу қаншалықты дұрыс екенін ойланбаймыз да.

Орысша "в основе" мен "на основе" - қазақша бір ғана жатыс септігімен аударылады. Бірақ орысша біреуі "астында", біреуі "үсінде" деген сияқты мағына беретін ұқпаймыз.

Посттың басындағы бірінші сөйлемде - "үстінде", екіншісінде - "астында". Қазақ тілінде "үстінде" мағынасындағы "негізінде-нің" қолданылуы - қате, артық, Дұрыс емес. Сол бірінші сөйлемді жазғанда, кәдімгідей жалған ақпарат береміз.