2023-11-12 22:30:55
Ескі мен жаңаның күресі… (ажырасу туралы ойлар)
Егер сіз ажырасу туралы ойлап жүрсеңіз, демек бұл сіздің өзгерер уақытыңыздың келгенін білдіреді. Себебі, сіздің ескі һәліңіз өмірдің жаңа талаптарымен бұдан әрі жұмыс істей алмауында.
Бірақ көптеген адамдар өздерін емес, қоршаған ортасын өзгерту керек деп ойлайды. Бұл өзінің ескі һәліне ыңғайлы болған әдеттеріне деген ғашықтықтан. Олар сізді құртады. Әсіресе, егер ескі әдеттеріңіз заман талабына сай пайда болған жаңа қажеттіліктеріңізді ішіне сыйдыралмайтындай тар болса. Күнделікті әдет іштегі қажеттілікті қамтамасыз ете алмаса адамның руһы тұншығады. Ескі әдеттер сіздің ескі меніңізді сақтап қалуға тырысады, бұл демек олар сіздің жаңа меніңізді барынша жойғысы келеді деген сөз.
Егер сіз бұрыңғы әдеттерден бас тартып, өзіңізді жаңартуға бел буам деп шешсеңіз, онда сізді ажырасуға мәжбүр еткен мәселелер сізге бағына бастайды және сіз оларды шешу үшін керекті күш жігерді өз бойыңыздан таба аласыз. Бұл сіздің отбасыңызды жаңа даму деңгейі мен түсіністікке көтереді. Және бұл болуы керек табиғи нәтиже. Өйткені, бір кездері шаңырақ көтерген жас жұбайлар қазір жоқ. Ол кездер өтті. Енді олардың жаңарып ауысатын кездері келді. Ақылдырақ, төзімдірек және күштірек болулары үшін.
Бірақ сіз өзіңізді өзгертер кезде оны жұбайыңыз да солай істеуі керек деген шартпен жасамаңыз. Біреу үшін ешқашан шарттанып өзгермеңіз. Бұл еш пайда әкелмейтін жол. Өзіңіз үшін және Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ғана өзгеріңіз. Бұл тәуелсіз өсу. Бұл еркін адамның жолы. Ал жарыңызды Аллаһ Тағалаға қалдырыңыз. Нені қалай істеу керектігін оларға Аллаһ Тағала Өзі сездіртеді.
Қысқасы, сізді ажырасу туралы ойларыңыз өмірден қашуға емес, жаңаруға ниеттенуге әкелуі керек.
***
Борьба старого и нового… (мысли про развод)
Если думаете о разводе, то это - признак того что вам пора меняться. Старая версия вас уже не способна работать с новой реальностью.
Но многие думают, что надо реальность менять, а не самих себя. Это из-за влюбленности к старой зоне комфорта. Зона комфорта вас погубит. Особенно если она существует уже давно, а ваши нужды ее уже переросли. Если старая зона комфорта неспособна обеспечить новые потребности, то душа человека начнет задыхаться. Зона комфорта стремиться сохранить вашу старую версию себя, а это значит, что ваша новая версия будет всячески атакована вашей старой зоной комфорта.
Если все же выберите отказаться от старой зоны комфорта в пользу новой версии себя, то те проблемы которые вас вынуждали к разводу начнут вам поддаваться, и вы найдете в себе новые силы чтобы их решить. Так ваша семья выйдет на новый уровень развития и понимания. И это естественно. Ведь те молодожены которые когда-то женились, их уже нет. Пора уже эволюционировать в свою новую версию. Более мудрую и более стойкую и сильную.
Но меняясь сами не делайте с условием, что ваш супруг или супруга тоже должны так делать. Никогда не меняйтесь ради кого-то. Это путь в никуда. Меняйтесь только для себя и довольства Всевышнего. Это независимый рост. Это путь свободного человека. А супруга или супругу оставьте Всевышнему. Он сам внушит им что и как делать.
Коротко говоря, слово развод должен в вас ассоциироваться не с желанием убежать от реальности, а с желанием превратиться в нового себя.
15.0K viewsTabigat Kautay, 19:30