Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

AINUR XANUM

Логотип телеграм канала @islampsychology — AINUR XANUM A
Логотип телеграм канала @islampsychology — AINUR XANUM
Адрес канала: @islampsychology
Категории: Без категории
Язык: Русский
Количество подписчиков: 202
Описание канала:

Авторский канал для тех, кто хочет укрепить Иман, улучшить поклонение и нрав. Для женщин, кто хочет стать Музой для мужа❤️
Автор: @ainur_xanum
Instagram: https://instagram.com/ainur.xanum?igshid=1mtngwfzcbfua

Рейтинги и Отзывы

2.00

3 отзыва

Оценить канал islampsychology и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

2


Последние сообщения

2022-04-27 22:05:37
122 viewsAinur Xanum , 19:05
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Осы есімді үзбей қайталап жүретіндердің сөздері мағыналы, даналыққа толы болады және халық арасында дәрежелері жоғары болады.

80. Әт-Таууәб.
Тәубені қабылдаушы. Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді.
Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді.
Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына ұшырамайды.

81. Әл-Мунтақим.
Есе әперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.
"Я, Мунтақим" деп үзбей айтып журуді адетке айналдырғандарға Алланың қорғауымен ешкім зиянын тигізе алмайды.
Кімде - кім осы есімді күн сайын 630 рет қайталаса, зұлымдық пен жамандықтан қорғалады.

82. Әл-Ғафуу.
Аса кешірімді, Ғафу етуші.
Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады.
Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе, оның күнәлары кешіріледі.

83. Ар-Раууф.
Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 281 рет қайталаса, мейірімділігі артады, ешбір жаратылыс оған зиянын тигізе алмайды.

84. Мәликул Мүлк.
Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор.
Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік – Оның қолында.
Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп береді.

85. Зүл-Жәләли уәл Икрам.
Құдірет және құрмет Иесі.
Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады.
"Я, Зүл-жәләли уәл-Икрам" деп қайталаған адам уәсуәсадан қорғалады және жүрегінде қанағат сезімі қалыптасады.

86. Әл-Муқсит.
Әділ. Шешімдерінде өте Әділ.
Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай жәннат немесе тозаққа жібереді.
Әділетті болғысы келген адам және ренжісіп қалған ерлі-зайыптыны жарастыру мақсатында осы есімді 209 рет оқу керек.

87. Әл-Жәмиғ.
Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды.
Ол біреуін де қалдырмайды.
Бір затын жоғалтқан адам күнде осы зікірді 114 рет үзбей айтып жүрсе жоғалған затын табады.
Ренжіскен адамдарды жарастыру үшін 114 рет оқыса, татуласатын болады.

88. Әл-Ғани.
Өте бай. Оған ештеңе керек емес.
Барша мақұлық Алла Тағаладан қажеттерін сұрайды және Оған тәуелді.
Бұл есімді үзбей айтып жүретіндер әрі материалдық әрі рухани байлыққа қол жеткізеді. Мұндай адамдар бай-дәулеттілердің қатарында болады.

89. Әл-Муғни.
Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады.
Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 1100 рет қайталаса, ризық-несібесі мол, бақуатты болып, таршылық көрмейтін болады. Рухани кеселі барлар кеселдерінен айығады.

90. Әл-Мәниғ.
Харам етуші, рұқсат бермеуші.
Ол Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді.
Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
Кімде - кім осы есімді күнде 161 рет қайталаса, бәле-жала мен апаттардан аман болады.

92. Ән-Нафиғ.
Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді.
Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 201 рет қайталап жүрсе, ауруларынан сақтанады, ауруларына шипа табады, зиянды нәрселерден аулақ болады.

93. Ән-Нуру.
Нұрландырушы, Нұр беруші.
Әртүрлі жетіспеушіліктерден пәк.
Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады.
Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды.

94. Әл-Һәди.
Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші.
Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды.
Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
Кімде - кім осы есімді көп қайталаса, оның иманы нығайып, тақуалығы артады.

95. Әл-Бәдиғ.
Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады.
Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды.
Кімде - кім осы көркем күн сайын 86 рет қайталаса, Алланың жәрдеміне бөленіп, рухани дүниесі мен кескін-келбеті сұлулана түседі.

96. Әл-Бақи.
Бақи, Мәңгі. Ол мәңгілік жасайды.
Ол тірілмейді де, өлмейді.
Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.

97. Әл-Уарис.
Мұра Иесі.
151 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.
"Я, Хай" деп күнде қайталап жүретін жандардың ғұмыры ұзақ болады және жүрегі Алланың нұрымен нұрланады.

64. Әл-Қайюм.
Бәрінің үстінде тұрушы.
Әр нәрсе тек Алла Тағаланың қалауымен тұрады.
Өздігінен мықты тұрушы.
Кімде - кім осы есімді күнде 166 рет оқып жүрсе, Алланың қалауымен арман-мұраты орындалады. Бүкіл ісінде Алланың көмегін сезеді, қалағанына қол жеткізеді, ризығы үзілмейді.

65. Әл-Уәжид.
Бай, Табушы.
Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында.
Ол ештеңені жоғалтушы емес.
Кімде кім күн сайын "Я, Уәжид" деп 14 мәрте кайталаса, іздеген және жоғалтқан нәрсесін табады.

66. Әл-Мәжид.
Құрметті, Сыйлы.
Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.
Егер кімде - кімнің ағайын - туыстары арасында қадірі болмаса, осы есімді таңғы намаздан соң 99 рет оқып өзінің үстіне үрлесе, ағайын - туыстарының арасында сыйлы болады.

67. Әл-Уахид.
Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән.
Одан басқа Құдай жоқ.
Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.
Осы көркем есімді күніне 1000 мәрте қайталаған адамның дүниеге шектен тыс құмарлығы және одан қорқынышы жойылады.

68. Әс-Самад.
Ешнәрсеге мұқтаж емес.
Ол – аса Құдіретті, Қуатты.
Кімде - кім осы көркем есімді 134 рет қайталаса, Алладан басқа ешкімге мұқтаж болмайды.

69. Әл-Қадир.
Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді.
Оған ешкімнің көмегі керек емес.
Оның әр нәрсеге шамасы жетеді.
"Кімде-кім осы қасиетті есімді күнде 314 рет кайталаса, калаған нәрсесін жасауға күші жететін болады.

70. Әл-Муқтадир.
Құдіретті. Не істегісі келсе, соны істеуге қуаты жетеді.
Оның істей алмайтын ісі жоқ.
"Я, Муқтадир" деп зікір етуді әдетке айналдырғандар рухы мықты болады және Алланың көмегімен жын, адам, шайтандардың жаманшылықтарынан алыстайды.

71. Әл-Муқаддим.
Алға шығарушы.
Өз пайғамбарларын алға шығарады.
Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады.
"Я, Муқаддим" деп үзбей айтып жүрушілер күш - қуат, билік иесі болады. Соғыс алаңында дұшпанды жеңу үшін окуға болады.

72. Әл-Муаххир.
Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады.
Ол Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады.
Осы есімді айтуды әдетке айналдырғандардың жүрек көзі ашылып, жаман ойлардан алыстайды.

73. Әл-Әууәл.
Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында.
Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.
Осы есімді көп қайталап жүрген жанның Алла тағала дұға - тілектерін қабыл алады.
Жолға шықпай тұрып оқитын болса, жолаушылығы қиындықсыз өтеді.

74. Әл-Ахир.
Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда, Алла Тағала тірі болады.
Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе, Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.

75. Әз-Заһир.
Анық, Көзге көрініп тұрушы.
Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.
Кімде - кім "Әз-Заһир" есімін күнде қайталаса, жүрегі нұрға толып, жасырын сырларды білетін болады.

76. Әл-Батин.
Көрінбей тұрушы, Ішкі.
Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді.
Ол мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 62 рет кайталаса, кеңпейілді, нәпсісі өзіне бағынатын болады.

77. Әл-Уали.
Басқарушы, Уәлі. Ол әр нәрсенің басқарушысы.
Ол не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады.
Ол Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.
Кімде - кім күнде осы есімді 47 мәрте қайталаса, сөзі әсерлі және адамдардың сүйікті адамы болады.

78. Әл-Мутаәли.
Биікке көтерілуші (Самғаушы).
Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес.
Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді.
"Я, Мутәғали" деп үзбей айтуды әдетке айналдырған адам ізгілікке қол жеткізеді, қай жағынан болмасын күшейеді және мықты болады. Дұға-тілектері кері қайтарылмайды.

79. Әл-Бәрр.
Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді.
Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.
71 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Кімде - кім күнде осы есімді күн сайын 20 мәрте қайталаса, адамдардың сүйіспеншілігіне бөленеді, барлық жерде құрметті болады және басқалардың дұшпандығы кетіп, арада достық сезім орнайды.

49. Әл-Мәжиид.
Даңқты, Құрметті.
Өз істерінде Көркем.
Ол дүниені ризықтарымен толтырады.
"Я, Мәжиид" деп зікір етіп жүрген адамдар рухани және физикалық ауруларынан құтылады.

50. Әл-Бағис.
Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші.
Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді.
Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
Осы есімді қаншалықты көп айтатын болса, сауапты, игі істерге бет бұрады және жомарттығы да соншалықты арта түседі.

91. Әд-Дзарр.
Қалағанын зиянға душар етуші.
Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян келтіреді.
Кімде - кім күн сайын осы есімді 161 рет қайталаса, Алла тағала оны адамдардың зияны мен жаманшылығынан сақтайды.

51. Әш-Шахид.
Ол анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә.
Алла Тағала Өзінің иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді.
Кімде - кім күнде таңғы намаздан кейін 122 рет "Я, Шәһид" деп қайталаса, Алла Тағала ол адамға кәлима шаһадат айтып жан тәсілім етуді нәсіп етеді. Ол адам шейіт болып жан тапсырады.

52. Әл-Хақ.
Шындық иесі.
Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты.
Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
Алла тағала осы есімді көп қайталаған адамдардың иманын жүректерінде орнықтырып, берік етеді.

53. Әл-Уәкил.
Басқарушы. Өкіл иесі Алла Тағала барлығын басқарады.
Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді.
Кімде - кім таңертең 66 рет "Я, Уәкил" деп қайталаса, Алла Тағала оған рухани және материалдық қазына сыйлайды, оны бай-дәулетті қылады және оны еш ойламаған жерден ризықтандырады.

54. Әл-Қауи.
Қуатты, Мықты, Құдіретті.
Оның шамасы әр нәрсеге жетеді.
Кімде - кім осы есімді күн сайын 126 рет кайталаса, дене бітімі қуатты, денсаулығы мықты болады және қиын істері оңай шешіледі.

55. Әл-Мәтин.
Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді.
Ол ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды.
Кімде кім осы көркем есімді күн сайын 500 рет қайталаса, түрлі ауруларынан айығады, таршылық көрмейді, әлсіремейді. Жағымсыз мінезден құтылып, рухани және материалдық жағынан мықты болады.

56. Әл-Уасиғ.
Қорғаушы.
Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді.
Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
Кімде - кім осы көркем есімді күнде 137 рет қайталаса, Алланың қолдауымен дені сау, ғұмыры ұзақ және ризық-несібесі мол болады.

57. Әл-Хамид.
Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы.
Мадақ Иесі. Алла Тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.
Осы есімді күн сайын таңертең 63 рет қайталаса, ол адамның мінезі айтулы, мақтаулы болады. Жасаған іс - әрекеттері мен амалдары мақталады.

58. Әл-Мухси.
Санаушы. Ол бәрін санайды.
Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды.
Ол бір нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес.
Кімде - кім күнде 148 рет "Я, Мухси" деп қайталайтын болса ақылды, зерек және есте сақтау қабілеті мықты болады.

59. Әл-Мубди.
Бастаушы.
Ол қандайда бір жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне, мысалсыз жаратты.
Кімде - кім әрбір ісін 56 рет "Я, Мубди" деп оқып бастайтын болса, бастаған барлық істерінде Алланың қалауымен табысты болады.

60. Әл-Муғид.
Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді.
Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Алла Тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Алла Тағаланың қалауымен қайта оралады.

61. Әл-Мухи.
Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді.
Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.
Кімде - кім күнде "Я, Мухи" деп 68рет қайталаса, істерінде табысты болады және ауруларынан айығады.

62. Әл-Мумит.
Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді.
"Я, Мумит" деп үзбей айтып жүрген адам нәпсінің жамандығынан құтылады және Алла тағала ондай құлдарын өзінің разы болатын жолына түсіреді.

63. Әл-Хай.
Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады.
53 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Бәріне сөзі өтімді және сыйлы-құрметті болады.

35. Әл-Ғафур.
Кешіруші, күнәларды кешуші.
Кешірім сұраушылардың жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.
Кімде безгек немесе бас ауруы немесе қандай да бір уайым - қайғы пайда болса, осы есімді бір қағазға қатарынан үш рет жазып қасында, қойнында ұстап жүрсе, Алла Тағала оны шағым еткен нәрседен шипа береді.

АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ

36. Әш-Шәкур.
Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді.
Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
Осы есімді күніне 526 мәрте қайталауды дағдыға айналдырған жанның бағы ашылады, қаржы, денсаулық, рухани қиындықтардан құтылады. Залымның зұлымдығынан және дұшпанның дұшпандығынан аман болады.

37. Әл-Aли.
Өте биік, Жоғары, Мәртебелі.
Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары.
"Я, Али" деп көп кайталаған адам халықтың арасында абыройлы болады және ешкім оны төмен санап қорламайды. Мінез - құлқы жақсарып, сөздері мағыналы болады. Жағымсыз әдеттерінен құтылады.

38. Әл-Кәбир.
Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі.
Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.
Кімде - кім осы есімді күнде 232 рет қайталаса, халықтың арасында сыйлы - құрметті болады. Рухани және материалдық тұрғыда басқалардан жоғары болады.

39. Әл-Хафиз.
Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды.
Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды.
Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.
Осы есімді бір қағазға жазып, әрі оқып өзімен бірге алып жүретін болса, дұшпандарынан басым болады.

40. Әл-Муқит.
Азық беруші.
Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді.
Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
Алла тағала бұл есімді айтып жүруді әдетке айналдырған құлдарының ризық-несібесін жеңілдетеді, оларды әртүрлі жаманшылықтан қорғайды.

40. Әл-Муқит.
Азық беруші.
Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді.
Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
Алла тағала бұл есімді айтып жүруді әдетке айналдырған құлдарының ризық-несібесін жеңілдетеді, оларды әртүрлі жаманшылықтан қорғайды.

41. Әл-Хасиб.
Есеп беруші, Жеткізуші.
Өз құлдарының қажеттерін өтейді.
"Я, Хасиб" деп айтуды дағдыға айналдырғандардың дұғасы қабыл болады, шайтанның жамандығынан қорғалады және ризығы көбейеді.

42. Әл-Жәлил.
Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік.
Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
Осы есімді күн сайын 73 рет кайталаса, нағыз рухани күшке қол жеткізеді, мінез - құлқы жақсарады және ешкім туралы жаман ойда болмайтын болады.

43. Әл-Кәрим.
Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші.
Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас.
Уәде берсе, толығымен орындайды.
Кімде-кім осы есімді күнде 270 рет қайталаса, ризық - несібесі мол әрі жомарт болады. Алла тағала істерін жеңілдетеді.

44. Әр-Рақиб.
Қараушы, Бақылаушы.
Ол әр нәрсені көріп, біліп тұрады.
Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.
"Ар-Рақиб" - құпиясы мол және керемет қасиеті бар көркем есім. Бұл есімді үзбей оқып жүруді әдетке айналдырғандар қандай жағдайда болса да, Алланың қорғауында болады.

45. Әл-Мужиб.
Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді.
Ол адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі.
Кімде-кім шынайы ықыласпен "Я, Мужиб" деп үзбей айтар болса, адамдар оны жақсы көретін болады, дұғалары қабыл болады.
Дұғалардың қабыл болуы үшін күнде 55 рет оқу керек.

46. Әл-Уасиғ.
Қоршап алушы, толтырып салушы.
Ол Өз құлдарын ризықтармен бөлейді.
Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.
Кімде - кім осы көркем есімді күнде 137 рет қайталаса, Алланың қолдауымен дені сау, ғұмыры ұзақ және ризық-несібесі мол болады.

47. Әл-Хаким.
Даналық Иесі, қате жасаудан пәк.
Қате жасау Оның даңқына сай келмейді.
Ол әр нәрсені өз орнына қояды.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 78 рет қайталаса, ілім мен даналықтың иесі болады және істерін даналықпен істейтін болады.

48. Әл-Уәдуд.
Ізгілік істеуші, Сүюші.
Мақұлықтарын жақсы көреді.
Ол мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдіртеді.
52 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Барлық мұра Алла Тағалада.
"Я, Уәрис" деп көп қайталаған жан қалағандарына жылдам қол жеткізеді, түрлі бәле - жаладан қорғалады. Сонымен қатар бай-ауқатты және сыйлы адам болады.

98. Әр-Рашид.
Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады.
Өз даналығымен билік жүргізеді.
Кімде - кім осы көркем есімді күнде шынайы ықыласпен 514 рет қайталаса, көркем мінезді болады және жағымсыз әдеттерден құтылады.

99. Әс-Сабур.
Сабыр иесі. Ол сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді.
Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.
56 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-22 14:24:11 Аш кезінде немесе ораза тұтқанда 20 рет қайталаған адам зерек болады және жаттау қабілеті жақсара түседі.

19. Әл-Фәттах.
Жақсылық жасаушы.
Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды.
Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.

20. Әл-Алим.
Бәрін білуші, Терең білім иесі.
Ол білмейтін ешнәрсе жоқ.
Алла Тағала – білушілердің білушісі.
Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

21. Әл-Қабид.
Қысып алушы.
Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді.
Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.
Кімде – кім бұл есімді әрдайым оқып жүрсе айбындылық пен айбат пайда болады. Ешкім оған дұшпандық жасауға, ол туралы ғайбаттауға бата алмайды.

22. Әл-Басит.
Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
Кімде - кім таңғы намаздан кейін осы есімді 72 рет кайталаса, ризық - несібесі молаяды.

Катты қайғырып жүрген және бір нәрседен қорқып, бата алмаған жан "Я, Басит" деп көп қайталаса, бойындағы қорқыныш пен үрей арылып, оның орнын қуаныш пен шаттық басады.

23. Әл-Хафид.
Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді.
Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.

24. Әр-Рафиғ.
Көтеруші, Биіктетуші.
Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ақыретте де көтереді.
Кімде - кім осы есімді күнде 351 рет қайталаса, адамдардың арасында және жұмысында дәрежесі жоғары болады.

25. Әл-Муиз.
Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді.
Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.
Кімде - кім "Я, Муғизз" деп күн сайын 117 рет қайталаса, осы дүниеде және ақыретте мерейі үстем болады. Оған жаманшылық пен зәбір жасағысы келген адам ойынан бас тартуға мәжбүр болады.

АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ

26. Әл-Музиллу.
Дәрежені төмендетуші.
Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.
Кімде - кім "Я, Музилл" деп 75 рет айтып, сосын сәжде етіп "Уа, Алла тағалам! Мені пәлен кісінің жаманшылығынан қорғай көр!" - деп дұға етер болса, Алла тағала сол адамның жаманшылығынан қорғайтын болады.

27. Әс-Сәмииъу.
Бәрін Естуші.
Ол құпияның бәрін біледі.
Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ.
Кімде - кім осы көркем есімді күнде 180 рет қайталаса, Алла Тағала барлық дұғаларын қабыл алады.

28. Әл-Басиир.
Бәрін Көруші. Ол ғайыпты да көреді.
Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді.
Кімде - кім жұма намазынан кейін 100 рет "Я, Басир" деп кайталаса, Алла Тағала оның жүрек көзін ашады.

29. Әл-Хакам.
Қазы, Төреші.
Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ.
Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның жүрегін нұрландырады және зеректігі мен түсіну қабілеті жақсара түседі.

30. Әл-Адл.
Әділетті.
Ол өз шешімдерінде әділ.
Кімде - кім осы көркем есімді күн сайын 104 рет оқитын болса, әділетті болады.
Ал жұмаға қараған түні 20 мәрте кайталаса, оның ықыласы артып, шынайы достары көбейеді.


31. Әл-Ләтиф.
Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі.
Өзінің құлдарына өте ілтипатты.
Өз құлдарының адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.
Тілек-дұғалардың орындалуы үшін, отбасы құру мен ризық - несібенің мол болуы үшін күнде 129 рет оқу керек.

32.Әл-Хабир.
Толық хабар алушы.
Барлық істер оның қалауымен жасалады.
Ол ешқашан хабарсыз қалмайды.
Есімнің оқылу саны - 338. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.

33. Әл-Халим.
Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ.
Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
Әл-Халим есімін көп қайталап жүрген жан теңізге батудан, көлік апатына ұшыраудан аман болады.

34. Әл-Ғазим.
Аса зор, кеңшілік Иесі.
Мәртебелі, Ең Ұлы.
Кімде - кім осы есімді күнде 1020 рет кайталаса, Алла Тағала ол адамға қиыншылықтарын жеңетіндей қуатты табандылық береді.
66 viewsAinur Xanum , 11:24
Открыть/Комментировать
2022-04-11 19:42:38 АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ
1. Алла.
Алла Тағаланың бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім.
Раббымыздың ең ұлық есімі.
Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

2. Әр-Рахман.
Аса қамқор.
Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді, қаталдықтан арылады.

3. Әр-Рахим.
Ерекше мейірімді.
Рахымды.
Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды.
Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.

4. Әл-Мәлик.
Патша
Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі.
Оған барлығы тәуелді.
Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды.

5. Әл-Қуддусу.
Қасиетті, Өте пәк,
Кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.
Кімде - кім осы есімді күнде 100 рет оқитын болса, Алла Тағала оны рухани кеселдерден сақтайды және уайым-қайғылардан арылтады.
6. Ас-Сәлам.
Есендік беруші.
Жетіспеушіліктерден пәк.
Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді.
Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.

7. Әл-Мумин.
Қорғаушы, Сенуші.
Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді.
Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
Кімде - кім күн сайын осы есімді 131 рет қайталаса, иманы берік, сенімді адам болады. Жаман кеселдерге шалдықпайды.

8. Әл-Мухаймин.
Үстем, Қорғаушы.
Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады.
Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.

9. Әл-Азиз.
Аса зор, Ұлық, Қуатты.
Зор кеңшілік Иесі.
Онымен ешкім теңесе алмайды.
Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

10. Әл-Жәббар.
Аса өктем. Билік пен қуат Иесі.
Нені қаласа, соны кімге де болсын істете алады.
Кімде - кім осы есімді күн сайын 208 рет кайталаса, дұға - тілектері орындалады. Адамдар мен жындардың кесір - кесапатынан, жамандығынан аман болады.
11. Әл-Мутәкәббир.
Ұлылық және биіктік Иесі.
Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.

12. Әл-Халиқ.
Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады.
Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.

13. Әл-Бари.
Жаратушы, жоқтан бар етуші.
Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді.
Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бари, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып суға дем салып аузын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, оған Жаратушы нәресте береді.

14. Әл-Мусаууир.
Келбет беруші.
Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет береді.
Миллиардтаған келбет жаратқан Алла Тағалаға ешкім теңесе алмайды.

15. Әл-Ғаффар.
Аса жарылқаушы.
Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды.
Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Алла Тағала ғафу етеді.

16. Әл-Қаһһар.
Өте үстем, Қаһарлы.
Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді.
Оның жазасынан ешкім аман қалмайды.
Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Oған мойынсұнып жүрсе Алла Тағала ол адамның иманын күшейтеді.

17. Әл-Уаһһаб.
Өте жомарт, Береген.
Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
Бір нәрсені қалап дұға етуші, дұшпанға тәуелді адам, саудасы жүрмей қойған және табысы азайып кеткен адам, құлшылығында және ешбір ісі алға баспай қойған адам 3 немесе 7 күн түн ортасында тұрып, дәрет алып, екі рәкат намаз оқып, басын иіп, қолдарын жоғары көтеріп "Я, Уәһһаб" деп өзінің жағдайын, мұң - мұқтаждығын Алла Тағалаға білдірсе, Алла Тағала оның мұқтаждықтарын кетіреді, қиыншылықтардан құтқарады.

18. Әр-Раззақ.
Ризық, тамақ беруші.
Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
Кімде - кім күнде таңғы намаздан соң осы есімді 315 рет қайталаса, Алла Тағала оған жеткілікті ризық - несібе береді.
115 viewsAinur Xanum , 16:42
Открыть/Комментировать
2022-04-07 16:48:24 9 правил воздействия на человека, не оскорбив и не вызвав чувство обиды

1. Начинайте с похвалы и искреннего признания достоинств собеседника.

2. Указывайте на ошибки других не прямо, а косвенно.

3. Сначала поговорите о собственных ошибках, а затем уже критикуйте своего собеседника.

4. Задавайте собеседнику вопросы, вместо того чтобы ему что-то приказывать.

5. Давайте людям возможность спасти свой престиж.

6. Выражайте людям одобрение по поводу малейшей их удачи и отмечайте каждый их успех. Будьте чистосердечны в своей оценке и щедры на похвалу.

7. Создавайте людям хорошую репутацию, которую они будут стараться оправдать.

8. Прибегайте к поощрению. Создавайте впечатление, что ошибка, которую вы хотите видеть исправленной, легко исправима; делайте так, чтобы то, на что вы побуждаете людей, казалось им нетрудным.

9. Добивайтесь, чтобы люди были рады сделать то, что вы предлагаете.
139 viewsAinur Xanum , 13:48
Открыть/Комментировать
2022-04-01 18:15:51
Девочки, дорогие, поздравляю вас с наступлением Священного Месяца Рамадан
147 viewsAinur Xanum , 15:15
Открыть/Комментировать