Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Үкімет ҚР Ұлттық Банкімен бірге теңгелік депозит иелеріне сыйл | Halyk Bank Official | Resmi

Үкімет ҚР Ұлттық Банкімен бірге теңгелік депозит иелеріне сыйлықақы бөледі.

Сыйақы 2022 жылғы 23 ақпандағы кезең үшін ағымдағы салым сомасының 10% мөлшерінде бір рет есептеледі және салық салынбайды. Бір адамға берілетін сыйақы лимиті - 2 млн теңге.

Сыйлықақыны алу үшін депозитті оның мерзімінің соңына дейін және бүгіннен бастап кемінде 12 ай бойы сақтау керек. Егер депозит мерзімі 2023 жылдың 24 ақпанына дейін аяқталса, онда депозит бағдарламаның аяқталуына дейін ұзартылуы керек.

Сыйлықақы алу тәсілдері туралы біз уәкілетті органдар тарапынан келісім болған кезде хабарлаймыз – жаңалықтарды қадағалаңыз!