Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз және заң және экономикал | Halyk Bank Official | Resmi

Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз және заң және экономикалық жоғары оқу орындарының студенттері, аспиранттары мен оқытушылары, сондай-ақ банк қызметкерлері үшін тамаша жаңалықтар хабарлауға асығудамыз. Банк заңнамасының жай-күйі мен дамуы тақырыбы бойынша барлық жаңа, өзекті және қызықты материалдар енді Дәулет Әбжановтың «Қазақстан Республикасының банк құқығы (Ерекше бөлім)» оқулығында жинақталды.

Банк саласындағы заңнама үнемі жетілдіріліп отырады және өте белсенді дамып келеді. Практикамен айналысатын заңгерлер үнемі соңғы жаңалықтардан хабардар болып, бейінді заңнаманы жаңарту қарқынына сәйкес өз білімдерін жетілдіруі қажет. Д.К. Абжановтың кітабы банк заңнамасының ерекшеліктерін оңай және қарапайым тілде түсінуге көмектеседі.