Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

2022 жылдың 20 мамырында елордамызда 'Даму'кәсіпкерлікті дамыт | Halyk Bank Official | Resmi

2022 жылдың 20 мамырында елордамызда "Даму"кәсіпкерлікті дамыту Қоры өткізетін ULTTYQ ÓNIM көрмесі шеңберінде қазақстандық кәсіпкерлердің Halyk Bank топ-менеджментімен кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 350-ден астам бизнесмен банк басшылығына өзекті сұрақтар қойып, оларға толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар, банктің цифрлық сервистерінің әлеуетімен таныса алды.

"Кез келген сын-қатерлер, ең алдымен, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер екендігіне біз нық сенімдіміз. Дәл осы кезеңде отандық бизнесмендердің Қазақстанда жаңа өндірістер ашуға және импортты алмастыруға барлық мүмкіндіктері бар, - деп атап өтті Halyk Bank басшысы, - өйткені бұл үшін клиенттік база да, нарық қажеттілігі де бар, тек кәсіпкерлік белсенділік, қаржы институттары мен мемлекет тарапынан қолдау қажет".

Өз кезегінде Halyk Bank кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын қолдауға дайын және ол үшін бізде барлық қажетті ресурстар бар.