Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​МҰХТАР АБЛЯЗОВ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ ЕМЕС! ДВК қозғалысын көптеген | Блог - платформа ДВК

​​МҰХТАР АБЛЯЗОВ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ ЕМЕС!

ДВК қозғалысын көптеген адамдар тек Мұхтар Аблязовпен ғана байланыстырады. Алайда шын мәніне келгенде, ДВК деген ол бір ғана адам емес,ол ортақ идея мен мақсат аясында біріккен, еліміздің белсенді азаматтары. Дегенмен Мұхтарға сенімсіздікпен қарап, біздің қозғалысымызды менсінбей отырған адамдарға айтарым бар. Олардың жиі қоятын сұрағы ол Мұхтар Аблязов қазақ халқы үшін қандай жақсылык жасады деген сұрақ. Жауап берейін.

1. Мұхтар Аблязов бизнеспен айналысып, талай мыңдаған адамдарға жалақы төлеп, жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. 90-шы жылдары елімізді талай жетіспеген тауарлармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине жалғыз ол емес, алайда ол да сол адамдардың қатарында болды.

2. 1997-98 жж. энергетика министрі болып, энергетика саласын дағдарыстан шығарды. Реформалар арқасында, 97-98 жылдары жарықтың өшірілуі тоқтатылды.
Ол айналасына сауатты және білікті мамандарды жинап, дұрыс реформарлар жасау арқасында мұны жүзеге асырды.

3. 2001 ж. басқа саясаткерлермен қосылып ДВК қозғалысын бастады. ДВК қозғалысының түпкі мақсаты билікті халықтық ету, декморактизациялау процессін бастау еді! ДВК парламенттік басқаруға көшу, әкімдерді сайлау, сот төрағаларын сайлау, сөз бостандығы деген сияқты маңызды реформаларды алға қойған қозғалыс еді. Қазір де ДВК сол бағытты ұстануда. Сол белсенділігі үшін сотталып, отырып та шықты.

4. Отырып шыққаннан кейін БТА банкпен айналысып кетті. БТА банкте жұмыс жасаған адамдарға бар жағдай жасалған болатын. Пол жуса да, топ-менеджер болса да, жоғары жалақы мен премиялар төленген. Жұмысшыларын банк өз ақшасына оқытып шығарды, курстар мен тренингтерге тегін жіберетін. Жұмысшыларға пайыссыз несиелер мен ипотека берілді! Клиенттерде просрочка болған жағдайда, оларға отсрочка жасалатын. Пайыздық айыппұлдардан талай адамдар босатылған болатын. Жұмысшыларға тегін, банк тарапынан емделу жасалған, медициналық сақтандыру болған. Демек, банк жұмысы адам капиталын бағалау принциптерінде жұмыс жасаған, адам еңбегін жоғары бағалаған. Оған қоса БТА банк ТМД елдеріндегі ең мықты банктерінің бірі болған.
Ал, енді ойлаңыздаршы, өз қалтасын ойлаған алаяқ адам болса, осындай жағдай жасар ма еді? Өзінің басын қатерге тігер ме еді? Басқа банкирлер сияқты өз қалтасын толтыра беруге болар еді, немесе министр болып жеп жүре беруге де болар еді. Өз басым билік тағып жатқан айыптарына мүлдем сенбеймін!

5. Қазір қазақ халқының басын біріктіремін деп, күнде эфирге шығып, барлық мәселелерді түсіндіріп, халыққа ақпаратты шайнап беріп, әр сұрағына жауап беріп жүрген де сол - Аблязов. Кез келген қарапайым ел азаматы Аблязовқа жаза алады, сұрағын қоя алады. Ия, алыста ол! Алайда алыста болса да, халыққа жақын! Мен үшін ең бастысы сол!
Айтатын жайттар әлі де көп, бірақ осының өзі ойлануға жеткілікті деген үміттемін.
Мен оны періште деп отырған жоқпын әрине, алайда қазақты біріктіріп, ел жағдайын түзетуге мүмкіндік беруге лайықты адам деп санаймын.