Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​​​​​​​​​​​​​​​​​#Fridayforfuture: #ӨзМақсатыңаЖет  #ТұрақтыД | ERI Monitor

​​​​​​​​​​​​​​​​​​#Fridayforfuture: #ӨзМақсатыңаЖет 
#ТұрақтыДамуМақсаттары

13-МАҚСАТ. КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫМЕН КҮРЕСУ ҮШІН ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ
 
Климаттың күрт өзгеруінен 21 ғасырдың соңына қарай 410 млн адам «климаттық босқынға» айналу қаупі бар. Сондай-ақ қолайсыз ауа-райы судың және топырақтың эрозиясына алып келіп, әлемде ашаршылық қаупі төніп тұр.

 Соңғы 30 жылда климаттың өзгеруі салдарынан табиғи апаттар саны 3 есеге өсті. Нақтырақ айтсақ, ХХІ ғасырдың басынан құрғақшылық, су тасқыны және орман өрттерінен 1,23 млн адам қаза тауып, 4,2 млрд адам түрлі зардап шекті.

Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің бағалауы бойынша Қазақстан климаттың өзгерісіне тәуелділігі жоғары елдердің бірі болып табылады. 

 Сарапшылардың болжамына сүйенсек, 2090 жылға қарай Қазақстанның температурасы 1986-2005 жж. базалық деңгеймен салыстырғанда 5,3°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл елде құрғақшылықтың артуына, жердің деградациясына, шөлейттену және шаңды дауылдарға әкелуі ықтимал. 

 Қазірдің өзінде Қазақстан жерінің 2/3 бөлігінде құрғақшылық қаупі төніп тұр, 2-3 жыл сайын елде құрғақшылық болып, шаруалар зардап шегуде. Қазіргі таңда ел халқының 23,5%-ы тозған жерлерде тұрады.

Мамандардың ақпаратына сүйенетін болсақ, Қазақстан аумағының 75%-да құйын, көшкін, сел, топан су, індет, төтенше температуралар, жер сілкінісі, орман және дала өрттері сияқты табиғат апаттары орын алу қаупі жоғары. Бұған қоса, Қазақстан халқының орташа көміртегі ізі де өте жоғары – жылына 14,36 тонна СО2 көміртегі қышқылын құрайды. Ал әлемдік орташа көрсеткіш 5 тоннадан аспайды.

 Климаттың өзгеруімен тиімді күресу үшін әрбір адамның көміртегі ізі жылына 2 тоннадан аспауы тиіс.

Бүгін Қазақстан көміртегі ізін азайтуға бағытталған жұмыстар атқаруда, мәселен, тек Шығыс Қазақстан облыстында 60 млрд. теңгені құрайтын 35 шара ұйымдастырылуда. Соның ішінде 22,1 млрд. теңге тек Риддер қаласының металлургиялық комбинатына жұмсалмақ, нәтижесінде комбинаттың күкірт диоксиді шығарындылары 714 тоннаға (немесе 20%) азайтылады.

 Атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығы жоғары, себебі 2060 жылға қарай Қазақстан өзінің көміртегіден бейтарап болатынын мәлімдеді. Ол үшін барлық экономикалық субъектілердің қызметің тұрақты жолға қою қажеттілігін талап етеді.

 Өзен ағынының азаюы құрғақшылық және су қауіпсіздігінің төмендеуі елдің егін және мал шаруашылығының өнімділігіне зиян келтіруі мүмкін. Олай дейтініміз, ауылшаруашылық суару үшін пайдаланылатын судың 90% өзендерден алынады.

 Климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қолға алмаудың қандай салдары болуы мүмкін?
Климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары қолға алынбаған жағдайда, Қазақстандағы бидай өнімділігі 2050 жылдарға қарай 50%-ға дейін төмендейді деп болжануда. 

 Бұл жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі әсер етеді, өйткені Қазақстан - әлемдегі ең ірі бидай экспорттаушыларының бірі.

 Сондай-ақ, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларының болмауы Қазақстанға кедейліктің пен теңсіздіктің өсуі, азық-түлік қауіпсіздігінің айтарлықтай төмендеуі, өнеркәсіптің құлдырауы, халықтың климаттық қолайсыз аймақтардан көшуі сияқты қауіптерді төндіреді.