Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қаты | ELORDA.AQPARAT

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу басталды.

«Мың бала» – жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан үздіктерді анықтап, дарынды балаларға арналған мектептерде оқуға мүмкіндік беретін бірегей олимпиада. Жобаның 5000 финалисі Елбасы Академиясының Birge Oqý онлайн мектебі аясында еліміздің жетекші ұстаздарынан тәлім алады.

2021 жылдың 24 ақпанынан 24 наурызына дейінгі аралықта олимпиадаға тіркеу жүргізіледі.Толық мәліметті 8 800 080 4848 нөмірінен немесе 1000bala.elbasyacademy.kz сайтынан білуге болады.