Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Елорда маңындағы Қажымұқан ауылының тұрғыны қарға батқан киікт | ELORDA.AQPARAT

Елорда маңындағы Қажымұқан ауылының тұрғыны қарға батқан киікті құтқарып, табиғи мекеніне жіберді, деп хабарлайды Елорда Инфо Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«Күні кеше біздің инспекторлар құтқарылған ақбөкенді бостандыққа жіберді. 14 ақпанда Қажымұқан ауылының тұрғыны Мәди Бектасовтан «102» қызметіне қоңырау келіп түскен. Мәди мырза Нұр-Сұлтан – Астрахань тас жолы бойында жабайы ақбөкеннің (киік) қалың қарға батып қалғанын хабарлаған», – деп жазылды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Facebook парақшасында.

#Elordainfo #elordaaqparat