Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

'ЗАҢГЕР КЕҢЕСІ' айдары @asetkaiyrkhan, заңгер: Көбімізді жұ | ELORDA.AQPARAT

"ЗАҢГЕР КЕҢЕСІ" айдары

@asetkaiyrkhan, заңгер: Көбімізді жұмыстағы жалақымыздың нақты қанша бөлігі қолымызға тиетіндігі қызықтырады. Әдетте міндетті түрде жалақыдан - міндетті зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылатын төлем ұсталынады.

Мысалы, сіздің айлық жалақыңыз 100 000 теңге делік. Енді өзіміз есептеп көрейік:
1. Жалақыңыздан он пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынады. Яғни 100 000 теңгенің 10 пайызы - 10 000 теңге (100 000*0.1=10 000).

2. Қалған 90 000 теңгеден ең төменгі жалақы мөлшері болып табылатын 42 500 теңгені шегереміз. Нәтижесінде 47 500 теңге қалады. Енді осы 47 500 теңгенің 10 пайызын шығарамыз. Ол 4750 теңге. Осы 4750 теңге сіздің жеке табыс салығыңыз ретінде жалақыңыздан ұсталынады (90 000 - 42 500 = 47 500*0.1=4750).

3. Ал міндетті медициналық сақтандыру қорына сіздің жалақыңыздың 2 пайызы ұсталынады. Яғни 100 000 теңгенің 2 пайызы 2000 т.

Толығырақ https://www.instagram.com/p/CLYckZFJnvt/?igshid=1d9fmzyuaksw1