Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Демалыс күндері мобильді топ кезекті рейд барысында отбасылық | ELORDA.AQPARAT

Демалыс күндері мобильді топ кезекті рейд барысында отбасылық іс-шара өткізгендерді анықтады, деп хабарлайды Елора Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Балқантау көшесіндегі «Бақсарай» мейрамханасында екі күн ішінде 50 жылдық мерейтой мен үйлену тойы өтті. Карантиндік талаптар сақталмаған залда 80-нен астам адам болды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ, 23:00-ден кейін жұмыс істеген «Respawn» компьютерлік клубы, ал оның ішінде 15 адам болғаны анықталды.

Дуранг кафесінің де жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Барлық материалдар санэпидбақылау қызметіне жіберілді.

#Елордаақпарат #Elordainfo