Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстан Үкіметі Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекі | ELORDA.AQPARAT

Қазақстан Үкіметі Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы қаулы жобасының мәтінін Ашық үкімет порталына жариялады.

Порталда Наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде 10 күн қатарынан атап өту ұсынылған.

Атап айтсақ:

14 наурыз – «Көрісу күні»;
15 наурыз – «Жайлау күні»;
16 наурыз – «Шежіре күні»;
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»;
18 наурыз – «Игі істер күні»;
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»;
20 наурыз – «Зияткерлік күні»;
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»;
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»;
23 наурыз – «Жоралғы күні».

Ұсынысы бар азаматтар egov.kz арқылы Ашық үкімет порталына жаза алады. Көпшілік келіскен жағдайда Үкімет Наурызды 10 күн қатарынан атап өту туралы қаулыны қабылдайтын болады.

#elordaaqparat #Elordainfo