Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

БЖЗҚ сайтындағы «БЖЗҚ-ға берілген өтінімдерге қол қою күтілуде | eHelpKZ

БЖЗҚ сайтындағы «БЖЗҚ-ға берілген өтінімдерге қол қою күтілуде» деген нені білдіреді?

Бізден көпшілігі «Бұл нені білдіреді және неліктен жаңартылмайды», деп сұрайды. Өкінішке қарай, бұл сіздің өтінішіңіздің әлі жіберілмегенін білдіреді.

- Неге? Мен өтінімге қол қойып едім ғой?

Сіз өтінімнен бөлек, төменде көрсетілген бірнеше құжатқа қол қоюыңыз керек (төлемді талап ету және ұстап қалу туралы).

Өтінімді ашыңыз (мәртебесі деген жердегі), сол жерде өзге де құжаттарды көресіз. Егер олар қызыл түспен көрсетілсе - ЭЦҚ-ның көмегімен қол қойып шығыңыз.

Құжаттардың бәріне қол қойылғаннан кейін БЗТ-ға арналған шоттың бар-жоғы тексеріледі.

Бұл дегеніміз процестің басталғанын білдіреді.

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз

Маңызды жаңалықтарды біздің арнамыздан біліңіз @egovhelpkz