Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты | eHelpKZ

13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзіңізбен бірге алып жүрмесеңіз де болады.

Полиция қызметкерлері қажет деректі жеке куәлігіңіз бойынша тексереді.

Интернет ұстамайтын трассада не істейді?
Мұндай жағдайда полиция қызметкері рация арқылы тексереді. Және бұған жүргізуші бас ауыртпауы тиіс. Егер полиция қызметкерінде не рация, не Интернет болмаған жағдайда жүргізуші көлік жүргізу куәлігінің бар екенін дәлелдеуге міндетті емес.

Егер техпаспорт сіздің атыңызда емес, «сақтандыру» бойынша көлік жүргізіп жүрсеңіз, не істемексіз?
Мұндай жағдайда Сіз сақтандырылғандар қатарында болуыңыз керек, яғни сіздің деректеріңіз сақтандыру полисінде тұрады. Полицей көлік құралының сақтандыру полисін деректер базасы бойынша тексереді.

Заңдағы бұл норма Қазақстанда берілген құжаттарға ғана қатысты. Егер сіз құжатты шет елден алған болсаңыз, онда үнемі өзіңізбен бірге алып жүруге тура келеді.

#сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz