Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Мүлікті сатуға 5 жыл мораторий. Кімдерге қатысты? Зейнетақы ж | eHelpKZ

Мүлікті сатуға 5 жыл мораторий. Кімдерге қатысты?

Зейнетақы жинағының бр бөлігін пайдалану ережелерін түсіндіруді жалғастырамыз.

Сіз бірнеше жылдан бері ипотека төлеп келесіз, енді қалғанын зейнетақы шотында жиналған ақшамен жауып тастадыңыз делік. Мұндай жағдайда сіз баспанаңызды сата аласыз.

Ипотеканы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ресімдеген болсаңыз, бұл мораторийдің сізге қатысы жоқ

Сондай-ақ пәтеріңізді зейнетақы шотындағы ақшаға бірден сатып алсаңыз, онда пәтеріңізді сатуға болады.

Ал, егер пәтеріңізді ипотекаға алып, бастапқы жарнасына зейнетақы шотындағы ақшаңызды салсаңыз және ипотека уақыты 5 жылдан көп болса, онда пәтеріңізді 5 жылға дейін сатуға тыйым салынады.

Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz