Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Логотип телеграм канала @daryn_teachers — Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН" У
Логотип телеграм канала @daryn_teachers — Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"
Адрес канала: @daryn_teachers
Категории: Образование
Язык: Русский
Страна: Россия
Количество подписчиков: 4.20K
Описание канала:

Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Рейтинги и Отзывы

3.50

2 отзыва

Оценить канал daryn_teachers и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

1

1 звезд

0


Последние сообщения 6

2021-03-01 14:07:07 Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні!

Алғыс айту күні – күрделі заманды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялады.

«Дарын» республикалық орталығы ұжымы білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген барлық әріптестерге алғысын білдіреді!

Сіздердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз бен мемлекет дамуына қосып жатқан абыройлы қызметтеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін еңбек жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Отбасыларыңызға бақыт-береке, мол табыс тілейміз.
1.6K viewsLyazzat A, 11:07
Открыть/Комментировать
2021-03-01 14:06:57
1.5K viewsLyazzat A, 11:06
Открыть/Комментировать
2021-03-01 07:27:48 https://www.facebook.com/RSPCDaryn/videos/860359148136114/
1.7K viewsLyazzat A, 04:27
Открыть/Комментировать
2021-02-26 14:36:35 «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсын 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков еліміздің қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы академик. Биыл ұлы ғалымның 90 жылдық мерейтойы.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс онлайн форматында өтеді.

Конкурсқа Тәжікістан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам бала қатысқалы отыр. Ережеге сәйкес Қазақстаннан республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі орын алған оқушылар және шетелден ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Сайыскерлер математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер бағыттары бойынша жобаларын қорғайды.

Конкурстың ашылу салтанатын және Академик Ө. Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін 1 наурыз күні сағат 10.00 - де Daryn ortalygy youtube каналында және @RSPCDaryn фейсбук парақшасында тікелей эфирде көрсеңіздер болады.

Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Казахским национальным университетом имени Аль-Фараби проводит XI Международный конкурс исследовательских проектов по математике и механике имени У. Джолдасбекова с 1 по 3 марта 2021 года.

В этом году в связи с эпидемиологической ситуацией в стране конкурс пройдет в онлайн формате.

В конкурсе примут участие более 200 детей из Таджикистана, Кыргызстана и всех регионов Казахстана. Согласно правилам, участвуют школьники, занявшие призовые места на областном этапе республиканского конкурса научных проектов из Казахстана, и победители и призеры национальных научных конкурсов из других стран.Конкурсанты представят свои проекты по направлениям: математика, прикладная математика, механика и математические методы в экономике.

Церемонию открытия конкурса и торжественное возложение цветов у памятника академика У.А. Джолдасбекова можно будет посмотреть 1 марта в 10.00 в прямом эфире на youtube канале Daryn ortalygy и на странице фейсбук @RSPCDaryn.
1.9K viewsLyazzat A, 11:36
Открыть/Комментировать
2021-02-26 14:36:22
1.5K viewsLyazzat A, 11:36
Открыть/Комментировать
2021-02-22 10:03:15 Құрметті оқушылар! Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 22 - 27 ақпан аралығында өткізіледі. Биыл облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен 12843 оқушы қатысқалы отыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада әр облыс бойынша онлайн немесе офлайн форматында өтеді.

Әр пән бойынша Олимпиада бір күнде өткізіледі. Тапсырмалар «Дарын» республикалық орталығының арнайы сайты арқылы Олимпиада басталуына 10 минут қалғанда барлық өңірлерге бір мезетте қол жетімді болады. Облыстық кезеңнің қорытынды хаттамасы Олимпиада өткізілгеннен кейінгі күні «Дарын» өңірлік орталықтарының сайттарында жарияланады.

Олимпиада кестесі:
22 ақпан – Химия/Биология
23 ақпан – Физика /География
24 ақпан – Математика/ Информатика
25 ақпан – Қазақ тілі мен әдебиеті/ Орыс тілі мен әдебиеті
26 ақпан – Қазақстан тарихы/ Ағылшын тілі/ Неміс тілі /Өзін-өзі тану/ Құқық негіздері /Француз тілі
Барлықтарыңызға сәттілік!

Дорогие друзья! Областной этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам будет проходить с 22-го по 27 февраля. В этом году в областном этапе принимают участие 12 843 школьника. В зависимости от эпидемиологической ситуации каждый регион принимает решение касательно формата проведения Олимпиады, онлайн или офлайн.

По каждому предмету Олимпиада пройдет в единый день. Доступ к заданиям будет предоставлен из одного источника РНПЦ «Дарын» одновременно за 10 минут до начала Олимпиады. Итоговый протокол областного этапа будет опубликован на сайтах региональных центров «Дарын» на следующий день после проведения тура.

Расписание Олимпиады:
22 февраля – Химия/Биология
23 февраля – Физика /География
24 февраля – Математика /Информатика
25 февраля – Казахский язык и литература/ Русский язык и литература
26 февраля – История Казахстана/Английский язык/Немецкий язык /Самопознание/Основы правоведения/Французский язык

Всем участникам желаем удачи!
2.3K viewsLyazzat A, 07:03
Открыть/Комментировать
2021-02-22 10:03:06
2.0K viewsLyazzat A, 07:03
Открыть/Комментировать
2021-02-19 07:23:25 Құрметті оқушылар!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында VIІІ Республикалық «Ясауи» олимпиадасын өткізетіні жөнінде хабардар болыңыз!

Республикалық «Ясауи» олимпиадасы оқушылардың таңдауы бойынша екі бағытта өтеді:
Бірінші бағыт: Пәндік олимпиада;
Екінші бағыт: Ғылыми жобалар байқауы.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
Бірінші іріктеу кезеңі:
Пәндік олимпиада бойынша қатысатын оқушылар онлайн жүйесі бойынша таңдаған пәнінен тест тапсырады. Ғылыми жоба бағытын таңдаған оқушылар ғылыми жобасын беріліп отырған үлгі бойынша электорнды нұсқасын talapker@ayu.edu.kz электронды поштаға жібереді.

Екінші іріктеу кезеңі: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде немесе онлайн жүйесінде (практоринг платформасымен пайдаланып) өткізіледі. Пәндік олимпиада бойынша қатысатын оқушылар жазбаша немесе тест түрінде емтихан тапсырады. Ғылыми жоба бағытын таңдаған оқушылар ғылыми жұмысын презентация немесе онлайн презентация (ZOOM, Hangouts т.б. жүйесі) арқылы қорғайды.

Олимпиаданың өту мерзімі
I-ші іріктеу кезеңі – онлайн жүйесі бойынша 2021 жылдың ақпан айының 25-26 күндері аралығында өтеді;
II-ші қорытынды кезең 2021 жылдың наурыз айының 11-12 күндері аралығында өтеді.

Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпаздарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия гранты беріледі. Түркия грантының иегері ҰБТ-дан шекті балды алса 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.

Олимпиадаға қатысуға өтініш білдіру үшін 2021 жылдың 20 ақпанына дейін http://ayu.edu.kz сілтемесі арқылы тіркелуі керек.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс:
8 (72533) 63690
Электр.почта: talapker@ayu.edu.kz
Whatsapp: +7 777 560 5958

Олимпиада ережесі мына сілтемеде: http://talapker.ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/jasaui-o-erezhesi.pdf

Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз!
https://www.instagram.com/p/CLbWJ17J0pW/?igshid=trpciov12ysw
2.5K viewsLyazzat A, 04:23
Открыть/Комментировать
2021-02-12 15:27:25 Достар! Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Биыл пандемияға байланысты конкурс алғаш рет онлайн форматта өтті.

Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін қатысушылар іріктеудің үш кезеңінен өтуі керек еді. Бүкіл республика бойынша конкурстың мектепішілік/аудандық кезеңіне 18 557 оқушы (оның ішінде 9450-і ауылдық жерлерден) тіркелген болатын. Іріктеу кезеңіне 8268 оқушы, ал облыстық кезеңге 945 оқушы өтті. Қорытынды республикалық кезеңге алдын ала сараптамадан өткен 576 ғылыми жұмыс қабылданды.

Қорытынды республикалық кезеңнің нәтижесі бойынша 320 оқушының 237 ғылыми жұмысы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды, олар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.

Сапалық көрсеткіштер рейтингінде командалық есепте үздік бестікке Назарбаев Зияткерлік мектептері, Нұр-сұлтан қаласы, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрама командалары кірді. Сандық көрсеткіштер бойынша Алматы қаласының командасы алдыңғы қатарда.

Үздік жұмыстардың авторлары өз еңбектерін ағымдағы жылдың мамыр айында Анахайм қаласында (Калифорния, АҚШ) өтетін жыл сайынғы REGENERON ISEF-2021 оқушылардың ғылыми жобаларының халықаралық конкурсына ұсынуға мүмкіндігі бар.

Конкурстың қорытынды кезеңінің жабылу салтанатын Daryn ortalygy Youtube каналында

сілтемесі бойынша тамашалай аласыздар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі www.daryn.kz сайтында.
2.9K viewsLyazzat A, 12:27
Открыть/Комментировать
2021-02-12 15:27:17
2.4K viewsLyazzat A, 12:27
Открыть/Комментировать