Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы | Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығымен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі бекітілді.

Аталған Тізбеге сәйкес елімізде жыл сайын білім беру ұйымдарының барлығына оқушылар мен студенттер үшін әртүрлі олимпиадалар мен конкурстар өткізіледі.
Тізбе интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық, IT және басқа да бағыттар бойынша оқушылардың қызығушылығын дамытуға бағытталған.

«Дарын» РҒПО осы Тізбе бойынша жаңартулар мен толықтыруларды енгізіп, іс-шаралар бойынша ерекшеліктерді анықтады. Жаңа іс-шаралардың ішінде бастауыш және орта буын оқушыларына арналған республикалық деңгейдегі олимпиадалар; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық олимпиадалар; жоғары оқу орындары олимпиадалары; «Мың бала», Экологиядан олимпиада сынды мамандандырылған олимпиадалар бар.

Бұдан басқа тізбеге жастардың шығармашылық қабілеттерін, жобалау, ғылыми, инженерлік-техникалық, өнертапқыштық қызығушылығын дамытуға бағытталған ғылыми жобалар конкурстары енді.

Педагогтердің біліктілік санатын растау бойынша педагогтерге арналған кәсіби шеберлік конкурстары да тізбенің ішіне енгізілді. Аталған іс-шаралар педагогтердің кәсіби және шығармашылық тұрғыдан дамуына, инновациялық тәжірибені зерделеуге септігін тигізері сөзсіз.

Тізбеге енгізілген олимпиадалар мен конкурстар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді шешуге, сондай-ақ ел намысын халықаралық деңгейде қорғайтын дарынды және талантты жаңа буынды даярлауға мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Тізбені мына сілтеме бойынша көруге болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007355 (сілтемені жаңа бетке көшіру керек).
https://www.instagram.com/p/CPtga9nJ16g/?utm_medium=share_sheet