Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Еліміздегі өңірлер бойынша офлайн-тестілеу форматында өткізіле | Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Еліміздегі өңірлер бойынша офлайн-тестілеу форматында өткізілетін 70 мамандандырылған мектепке конкурстық іріктеу басталды. Биыл бұл конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.

Бүгін Алматы қаласы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мангыстау облысы мектептері емтихандарына 3284 оқушы қатысты.

Конкурстық іріктеуді өткізу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында конкурсқа «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері, «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының өкілдері, «БІЛІМ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЛИГАСЫ» өкілдері, ата-аналар, журналистер комиссия құрамында қатысты.

Конкурс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіліп жатыр.

Конкурстық іріктеуге оқушыларға өзімен бірге жеке сауалнамасы, медициналық маска, су және қалам алып кіруге рұқсат берілді. Аудиториялардағы тәртіп үшін белгіленген кезекше мамандар жауап берді. Комиссия мүшелері тапсырмаларды оқушылардың көзінше ашып, таратып берді.

Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

Мамандандырылған мектепке оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мектепте бөлінген бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады.
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.
https://www.instagram.com/p/CPoBWD0Jcl_/?utm_medium=share_sheet