Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті достар! «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орта | Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Құрметті достар! «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 11-16 мамыр аралығында ҚР білім беру ұйымдарының 1 - 11 сынып оқушылары арасында «Кенгуру-математика барлығы үшін» математикадан халықаралық ойын конкурсын өткізетінін хабарлайды.

«Кенгуру – математика барлығы үшін» математикадан әлемдегі ең танымал сайыстарының бірі. Жыл сайын оған бүкіл әлем бойынша алты миллионнан астам оқушы қатысады. Тапсырмаларға күрделілік деңгейі бойынша өте қарапайым сұрақтан бастап, аса күрделіге дейін өзгеретін қызықты сұрақтар кіреді. Алайда, барлық есептердің дұрыс жауабы бар, олардың шешімін оқушы математика бойынша білімін қолдану арқылы анықтайды.

Конкурс алдын-ала іріктеусіз 1 - 11 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды олардың қалауынсыз конкурсқа қатыстыруға тыйым салынады.

«Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсына қатысу тегін. Егер конкурс қорытындысы бойынша қатысушы өзінің сертификатын немесе дипломын электрондық форматта алғысы келсе, 500 теңге мөлшерінде төлем жасауы қажет болады. Төлем бойынша нұсқаулық кейінірек games.daryn.kz сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін games.daryn.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Әр қатысушының өз электрондық поштасы болуы керек. Бұрын games.daryn.kz сайтында тіркелген болсаңыз, қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Тапсырмалар games.daryn.kz сайтында 11 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:00-де ұсынылады. Қатысушылар қорытынды нәтижелерді және иеленген орындарды конкурс аяқталғаннан кейін аталған сайтта көре алады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 7172 295266
https://www.instagram.com/p/COaJDRMpNVt/?igshid=128bszhtvaca6