Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті достар! «Дарын» Республикалық орталығы Әл-Фараби атын | Учителям⁉️ ➡️ Фестивали-Олимпиады-Семинары-Конкурсы. Организатор РНПЦ "ДАРЫН"

Құрметті достар! «Дарын» Республикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында жыл сайын дәстүрге айналған Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсын өткізді. Еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтықтан онлайн режимде өткізілді. Биыл Конкурс Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.
Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 166 жобамен 218 оқушы қатысты. Қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 15 жұмыспен 18 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 25 жұмыспен 31 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 34 жұмыспен 49 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамоталармен 16 қатысушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсының жабылу салтанатын Daryn Ortalygy Youtube каналында тамашаласаңыздар болады