Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Ашытқысыз лепешка Қоспалары: Ұн - 1 кг Сүт - 500 мл | Асхана

Ашытқысыз лепешка

Қоспалары:

Ұн - 1 кг
Сүт - 500 мл
Ерітілген сиыр майы - 40 г
Сары май - 170 г
Разрыхлитель - 2 шай қасық
Тұз - 2 шай қасық
Кунжут
Жұмыртқа - жағу үшін

Дайындалуы:

Терең ыдысқа ұн, разрыхлитель жəне тұзды салыңыз. Бəрін бір қалыпты болғанша араластырыңыз. Ортасына дөңгелек жасап, сүт құйыңыз. Сосын сары май, ерітілген сиыр майын қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз.

Қамырды үстелге илеп алыңыз. Қолға жабыспайды, бірақ жұмсақ болады. Қамырдың бетін жауып, 15-20 минутқа қойыңыз.

Сосын оны үш бөлікке бөліңіз, тағы бірнеше минутқа қойыңыз. Қанша лепешка шықсын десеңіз сонша бөлікке бөліңіз.

Лепешкаларға жұмыртқа жағыңыз, кунжут себіңіз. Лепешкаларды 230-240 градуста 15 минут пісіріңіз. Дайын лепешкаларға су сеуіп, сүлгімен жауып қойыңыз.