Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

'SCAT' әуе кемелері паркі жаңа ұшақпен толықты 'SCAT' авиаком | КГА 🇰🇿

"SCAT" әуе кемелері паркі жаңа ұшақпен толықты

"SCAT" авиакомпаниясы кезекті "Боинг-737 800 NG" әуе кемесімен толықты. Сыйымдылығы 189 орындық ұшақ авиакомпанияның ӘК паркін 28 бірлікке дейін, оның ішінде "Боинг" үлгісіндегі 21 әуе кемесіне дейін ұлғайтады.
ӘК паркі мен тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп жүргізуде.
Жаңа әуе кемесі авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, ұшу кестесінің және билеттер ұсыныстарының уақтылы орындалуына оң әсер етеді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 12 ұшаққа толығады деп күтілуде, осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл өз кезегінде ұшуларды уақтылы орындауға қосымша мүмкіндік береді.
Қазақстандық авиакомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.