Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Грек Республикасына рейстердің ашылуы ҚР ИИДМ Азаматтық авиац | КГА 🇰🇿

Грек Республикасына рейстердің ашылуы

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиациялық билік орындары арасында жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO типті әуе кемесінде орындалатын болады.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің шығу және келу туризмін табысты дамытуға ықпал ететін болады.