Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Өзбекстанмен рейстерді ұлғайту туралы ақпарат Шанхай Ынтымақт | КГА 🇰🇿

Өзбекстанмен рейстерді ұлғайту туралы ақпарат

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 9-шы кеңесі шеңберінде тараптар әуе қатынасын ұлғайту және өзара экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды дамыту үшін екі ел арасында жаңа бағыттар ашу жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Бүгінгі таңда Өзбекстанмен әуе қатынасы рейстер саны бойынша да, шет мемлекеттер арасындағы бағыттар саны бойынша да ең қарқынды болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі елдің әуекомпаниялары (Эйр Астана, SCAT, Fly Arystan, Uzbekistan Airways) Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе және Ташкент, Самарқанд, Наманган, Үргенч, Нүкіс қалалары арасында аптасына 40 рейс орындайды.
Анықтама:
Нұр-Сұлтан-Ташкент, 6 рейс (Эйр Астана-3, Uzbekistan Airways-3);
Алматы-Ташкент, 14 рейс (Эйр Астана – 7, Uzbekistan Airways – 7);
Алматы-Самарқанд, 4 рейс (Fly Arystan-2, Uzbekistan Airways-2);
Алматы-Наманган, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways-2);
Ақтау-Ургенч, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways-2);
Ақтау-Нүкіс, 4 рейс (SCAT – 2, Uzbekistan Airways-2);
Түркістан-Ташкент, 2 рейс (Fly Arystan-2);
Ақтөбе-Нөкіс, 2 рейс (Uzbekistan Airways – 2).
https://t.me/miirkz/11424