Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Өндірушілер мен сауда нысандарына арналған 0,01% несие! Құрме | Бизнес штаб области Жетісу

Өндірушілер мен сауда нысандарына арналған 0,01% несие!

Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!
«Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» Акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шығаратын өндірушілеріне және сауда нысандарына жеңілдетілген несие беруге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Несие сомасы: 5 млн теңгеден бастап.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шығаратын өндірушілеріне және сауда объектілеріне қарыз берудің негізгі шарттары:

1.Қарыз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды жүзеге асыруға ақшалай қаражатты мақсатты пайдалана отырып, жеделдік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық шарттарында бөлінеді;
2.Кәсіпкерлік субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сатуды қарыз шарттарының қолданылу мерзімі аясында тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған сауда бағаларынан аспайтын бағалар бойынша жүргізу;
3.Кәсіпкерлік субъектілеріне қарызды алу бойынша «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ ұсынылады және тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер) бойынша анықталады;
4.Қарыз мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 12 айға жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша төлем кезеңімен, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банктік кепілдік түрінде ұсынылады;
5. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

Анықтама тел.: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20
t.me/zhetysubusiness