Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

өміріңізде бір адам туралы “осы періште емес пе?” деп ойлаған | bu

өміріңізде бір адам туралы “осы періште емес пе?” деп ойлаған кездер болды ма? аға-әпке, бауыр мен достарыңыз емес, жай бір керек сәтте кенет пайда болып, көмектесіп, кейін жоқ болып кеткен бір адам (?)

кейінгі жылдары белгі дегенге көп мән беретін болып жүрмін. әр ұсақ-түйектің өзін бірдеңемен байланыстыра беретін болғам.

өткенде атта шабуға бардым. тренер прогулкаға келгендердің қасында жүрем деп, маған маршрутты білетін болған соң, оларды күтпей жүре беруге рұқсат берді — Сұңқар (жылқы) екеуміз басқа жаққа кетіп қалыппыз. Үлкен таулы аймақ. Адасып жүргенімізді түсінген де жоқпын мен. Бір кезде жылқы жүрмей қалды, 4-5 мин тұрып қалдық солай. Алыыстан бір наездник әрі қарап, бері қарап, сәлден жоқ боп кетті. Бір кезде жанымызға келіп тұр. Адасып қалғадарыңызды сездім деді. Жолды көрсетіп, тренерге дейін жанымда серік болып, бірге шауып бардық. Ол кісі де сабаққа келген, маршрутты жақсы біледі, жолға менен сәл ерте шыққан екен — өзі ақысы төленген 45 минут, соның көбін ештеңе сұрамастан маған арнай салғанынан :)

басында бір, кейін тағы бір көргенге басында біртүрлі болғам, бірақ ол кісі есімімді де сұраған жоқ, артық сөзсіз, бар ниеті - көмектесу

қай жерде жүрсем де, қандай жағдайға тап болсам да, қорғауда екенімді білемін, үнемі қамқорлықты сезіп тұрамын әйтеуір

періште дегеннен басталып па еді?

Шығыс пен Батыс тек Оған тиесілі. Жүзіңізді қайда бұрсаңыз да, Оны көресіз. (2:115)