Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті кәсіпкерлер! 20-22 наурыз аралығында елордада Наурыз | Бизнес Штаб Алматы

Құрметті кәсіпкерлер!
20-22 наурыз аралығында елордада Наурыз базары өтеді
Шарада 132 кәсіпкердің қатысуымен мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады. Өтетін орны – EXPO көрме орталығы
Жәрмеңке келесі секторларға бөлінеді:
1. Тұмар базар кәдесый бұйымдарын, шығыс стиліндегі күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, былғарыдан жасалған бұйымдарды және т. б. сату көзделеді;
2. Жасыл Базар жемістер мен көкөністер;
3. Кіл базар ұлттық бұйымдар (көрпе төсек, кіл);
4. Зергер базары қолөнер бұйымдары;
5. Мейіз базары кептірілген жемістер мен шығыс тәттілері;
6. Тағам базар сүт ет өнімдері және басқа да азық-түлік өнімдері.
Кәсіпкерлер/өндірушілерді іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Біздің тарапымыздан 2,7 метрлік павильон және барлық қажетті инфрақұрылым өтеусіз негізде қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорындар мен ұлттық бұйымдар фабрикалары қызығушылық танытқан жағдайда, мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8701 581 47 80 қалалық 8 (71-72) 55-04-42 Астана қ. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы