Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар, біз сіздерді мект | Beles | NIS Aktau

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар, біз сіздерді мектеп өзін-өзі басқару ұйымының атынан жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық мектеп оқушыларына алдағы жаңа оқу жылында оқуда табыс, үздік бағалар, шынайы достар, қызықты оқиғаларға толы жыл тілейміз! Бұл күн баршаға қуанышты болсын, сіздің қиын жолда – білім жолында өткізген кейінгі күндеріңіз бақытты болсын.

Жетінші сынып оқушыларын ерекше құттықтаймыз, өйткені олар үшін жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылады.

Биік белестерді бірге бағындырайық

Ізгі тілекпен, 'Белес' өзін-өзі басқару ұйымы