Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

БАЛАЛАРДАҒЫ БЕЛГІСІЗ ЭТИОЛОГИЯНЫҢ ӨТКІР ГЕПАТИТІ 2022 жылдың | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

БАЛАЛАРДАҒЫ БЕЛГІСІЗ ЭТИОЛОГИЯНЫҢ ӨТКІР ГЕПАТИТІ

2022 жылдың 5 сәуірінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы британдық Денсаулық сақтау реттеушілерінен бұрын мүлдем сау балаларда (11 айдан 5 жасқа дейін) шығу тегі белгісіз ауыр да өткір гепатиттің 10 жағдайы туралы хабарлама алды. Барлық вирустық гепатиттер (А, В, С, Д, Е) алынып тасталды. Осы 10 жағдайдың 9 - ы осы жылдың наурыз айында, ал 1- і қаңтарда науқасты ауруханаға жатқызу кезінде анықталған болатын.

Науқастарда терінің және шырышты қабықтардың сарғаюы, жүрек айну, құсу, диарея, қандағы бауыр ферменттерінің жоғарылауы байқалды. Тән белгісі - денсаулық кенеттен нашарлайды, симптомдар тез дамиды, тек 3 - 5 күнде жедел бауыр жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі.

8 сәуірге дейін Ұлыбританияда (соның ішінде Ирландияда) аурудың тағы 74 ұқсас жағдайы анықталды, олардың барлығы 10 жасқа дейінгі балаларда байқалды. Бұл балалардың бір бөлігі (6 науқас) бауыр трансплантациясын қажет етті. Осы ауруға байланысты өлім - жітім қазіргі уақытта анықталған жоқ.

Америка Құрама Штаттары (Алабама Денсаулық сақтау басқармасы) 2021 жылдың қарашасынан бастап елде осындай жағдайлар тіркелгені туралы мәлімдеме жасады. Ауырған 2 балаға бауыр трансплантациясы қажет болды, басқа балаларда аденовирустың бар екендігі анықталды (41- ші штамм). Қазіргі уақытта аурудың себептерін анықтау үшін белсенді эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта көптеген елдер 16 жасқа дейінгі балаларда шығу тегі белгісіз ауыр гепатит жағдайларының тіркеле бастағаны туралы есеп бере бастады. Олардың қатарында Ұлыбритания мен АҚШ - тан басқа Испания, Израиль бар. Жақын арада тіркелген жағдайлар мен мемлекеттердің саны арта түседі деп күтілуде.

ДДҰ барлық қатысушы елдердің денсаулық сақтау билігін балалардағы этиологиясы анықталмаған гепатиттердің барлық жағдайларына мұқият назар аударуға және олар туралы уақтылы хабарлауға шақырады. Қазіргі уақытта ДДҰ елдердің арасындағы қозғалысқа карантиндік шектеулер мен тыйым салуды қажет деп санамайды.

Балалардың ата - аналары (әсіресе 10 жасқа толмағандардың) және медицина мамандары бұл ауру туралы білуі керек. Жаңа ақпараттармен біз сіздерді хабардар етіп отырамыз. Аман - сау болыңыздар!