Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Баланың бірнеше күн бойы дене қызуы көтерілді, басқа белгілері | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Баланың бірнеше күн бойы дене қызуы көтерілді, басқа белгілері жоқ, не істеу керек?

Вирустық инфекция кезінде температура 5 - 7 күн болады.

Бала ешнәрсеге алаңдамаған кезде, ол белсенді, жігерлі, тәбеті жақсы, температураның көтерілу саны шамалы (қалыпты көрсеткіштерден 1 градустан аспайды), шұғыл шаралар қабылдамаңыз және ыстық түсіретін дәрілерді бірден бермеңіз.

Алдымен балаңыздың жеткілікті сұйықтық ішкеніне көз жеткізіңіз. Денеде сұйықтық жеткіліксіз болса безгек кезінде ағзада су тапшылығы басталады, соған байланысты температураны түсіру үшін ішкен дәрі қызуды түсірмейді немесе ол шамалы түскеннен кейін күрт көтеріледі. Өйткені, денені тер арқылы буландыра отырып температураны түсіретін ағзада артық сұйықтық жоқ.

Баланың денесін қыздырмаңыз, жылы киімін шешіп, бақылаңыз. Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз, бала жатқан бөлмеде жеткілікті ылғалдылықтың бар - жоғын қараңыз: ол 45 - 55% аралығында болуы керек. Қажет болса, ауа ылғалдандырғышын қолданыңыз.