Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Инфекция ошағын/ ауыр дерттің басталуын қалай өткізіп алмау ке | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Инфекция ошағын/ ауыр дерттің басталуын қалай өткізіп алмау керек?

Егер жалпы денсаулығыңыз жақсы болса және ештеңе мазаламаса, жылына бір рет отбасылық дәрігерге алдын - ала тексерілу үшін бару жеткілікті. Жасына байланысты талдаулар мен диагностикалық тесттер әртүрлі болуы мүмкін - мұны да дәрігер анықтайды.

Егер сізде созылмалы аурулар болса (гипертония, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, ХОБЛ, астма және т.б.), оларды күнделікті дәрі -дәрмектер ішу арқылы бақылау өте маңызды. Бұл жағдайда дәрігер кейбір тексерулерді жиі ұсынуы мүмкін.

Сонымен қатар, денсаулықты сақтау үшін теңдестірілген тамақтану қажет (күніне кемінде 8 жаңа піскен көкөністер мен жемістер, күніне 2 литрге дейін су), физикалық тұрғыдан белсенді болу керек (күніне кемінде 30 минут қарқынды жүктеме) және уақтылы ұйықтау керек (22.30 - дан кеш емес).

Денсаулық жағдайыңыз сәл нашарлай қалса дәрігерге уақтылы барған маңызды.