Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Әйелдерде бедеуліктің пайда болуының себептері: Етеккір цик | Ассоциация семейных врачей Казахстана (АСВК)

Әйелдерде бедеуліктің пайда болуының себептері:

Етеккір циклының бұзылуы (ановуляция). Әдетте етеккір циклы тұрақты, орташа 24-32 күнге созылады. Ретсіз етеккір әйелдерде овуляция (аналық жасуша пісіп жетілуі) жүзеге аспайтынын көрсетеді. Овуляцияның болуын/болмауын үй жағдайында арнайы тест-жолақтар көмегімен тексеруге болады.
Поликистоздық аналық без синдромы- бұл жай-күйінде овуляция тұрақты емес немесе мүлдем болмауы да мүмкін.
Аналық жасушалар қорының аз болуы - туа біткен және жүре пайда болған да болуы мүмкін.
Функциялық гипоталамустық аменорея - шамадан тыс физикалық жүктемелер, стресс немесе жеткіліксіз тамақтану (дене салмағының төмендігі) салдарынан болуы мүмкін.
Гипоталамус және гипофиз функциясының бұзылуы, мысалы пролактиннің артық өндірілуі.
Аналық бездің ерте (40 жасқа дейін) әлсіреуі.
Менопауза
Аналық түтігінің бітелуі
Жатыр құрылымының аномалиясы

#asvkazakhstan #сұрақжауапasvk #жүктілікasvk #бедеулікasvk