Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

​​Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықта | QR AQDM | МИОР РК

​​Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көңілде сызы, жүректе ізі қалған бұл соғыс біздің ұлттық тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы. Аталарымыз сұрапыл соғыста жанқияр ерліктің, қаһармандық пен қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Еліміздегі әрбір отбасы соғыстың зардабын көрді, қаншама апа-аналарымыз қара қағаз алды, қаншасы хабарсыз кетті.

4 жылға созылған қан майданда Кеңестер елінің 27 миллионнан астам халқы көз жұмған екен. Осыншалық адам құрбандығымен келген Жеңістің бағасын білетін елдің ұрпағы ретінде біз ол күндердің даңқын ешқашан ұмытпаймыз.

Соғыстың дүмпуін сезініп, зардабын тартқан зұлмат кезеңнен қаншалықты алыстаған сайын, аға буынның жасаған жанқияр ерлігі мен биік рухы біздің жадымызда мәңгілік жарқырай береді.

Келер ұрпақты да біз осылай тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан қан майданда қаза болғандардың рухына тағзым, бүгінде тірі жүрген ардагерлеріміз бен тылда тынымсыз еңбек еткен ата-апаларымыздың алдында шексіз алғыс. Бастары аман, дендері сау болып, ұрпағының алдында ұзақ жасай берсін!

Аида Балаева
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

@aqparatqogam